162
тексеріп, жаңадан ойлай бастады: Бұл ойды жарыққа шығару үшін
түсінікті, таза, өткір тіл керек».
Бізде осылай дейміз. Қазақ, қырғыз еңбекшілері өзгеріс
сергелдеңіне жаңа-жаңа есін жиып, тұрмысын түзеу, әдебиетін
гүлдендіру туралы ойға кіре бастады. Енді «жүрекке жылы тиіп,
теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» дегендей, таза әдемі тіл керек.
Тілдің негізгі жұрнағы ел аузындағы ескі сөз, мақалдар. «Мың бір
мақал» кітабының екінші керектігі осы. Не қылғанмен бұл кітап
пайдасыз болмас деп ойлаймыз» [245, 1-4
б.
],- дейді.
Міне, мұнда Кеңес үкіметі тұсында жаңа заман талабына сай жаңа
қоғам,
өзгеше саясат, соны әлеуметтік мәселелерді т.б. шешумен
қатар, тың мәдениет, жаңа әдебиет т.с.с. негізін қалау үшін де
фольклорды пайдалану мақсаты көзделген. Сөз басында заманға
бейімделген ыңғай байқатса да, автор ел мұрасына жаны ашып, оны
ақтап алу талабын да байқатады. Мәселен, халықтың ғасырлар бойғы
жиған, білген даналығы, өмірге көзқарасы, тәжірибесі т.б. заманына
қарай
халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, шаруашылығына
т.б. түрлі өзгерістерге ұшырайтынын да автордың мысалдар келтіре
отырып дәлелдеуге тырысуы- бәрі сол кездегі фольклортану үшін аса
бағалы ұмтылыс еді. Сөйтіп мақалдардың қоғамдағы қолданбалы,
практикалық қызметтеріне де көңіл бөлінген. Осы арқылы халықтың
тұрмысын тану, елдің ішкі сырына жету т.б. жолында да мақалдардың
көп көмегі тиетіні ескертілген.
Сонымен қатар кітапта қазақтың бүкіл мақалының бір бөлегі ғана
қамтылған дей отырып, келтірілген
мысалдардың тақырыптық сан
алуандығына назар аудартқан. Сондай-ақ тілдің таза, түсінікті, жатық
т.с.с. болуы үшін де кітаптағы мақалдардың дерек көзі бола алатыны
да ескертілген. Ендеше «Мың бір мақал» жинағының ғылым үшін
маңыздылығы: біріншіден, халықтың сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін,
әдет-ғұрпын, салт-санасын т.б. тану құралы болса; екіншіден, тіл
тазалығы үшін күресте үгіт-насихат құралы қызметін де қоса
атқарғандығы. Үшіншіден, ең бастысы, жинақтың ғылыми
сипатында. Мысалы, Нәзір мақалды жеке
жанр деп қарай отырып, оны
іштей жіктеген, классификациялаған. Ең басты шарты- тақырып
бойынша жіктеуі. Мәселен, жинақтың: 1-бөлімінде (Тәңірі, патша,
хан, молла) 41 мақал [245, 7-9
б.
], 2-бөлімінде - адам, ер, жақсы,
жаман турасында 180 мақал [245, 9-18
б.
], 3-бөлімінде -құлдар, ит,
сөз, өтірік сөз, ұят, шыдамдылық, ашу мен ақыл турасында 117 мақал
[245, 18-24
б.
], 4-бөлімінде- достық, жау, жалғыздық, көптік, аздық,
бірлік турасында 76 мақал [245, 24-28
б.
], 5-бөлімінде- құдалық, кәде,
той, сый турасында 63 мақал [245, 28-31
б.
], 6-бөлімінде қатын, бала,
163
ұл, қыз, тәрбие, ата, еркек, әйел,ағайын, ел турасында 153 мақал [245,
31-39
б.
], 7-бөлімінде -мал, жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, байлық,
жарлы турасында 163 мақал [245, 39-47
б.
], 8-бөлімінде- еңбек, заман,
жас турасында 43 мақал [245, 47-49
б.
], 9-бөлімінде- ұрлық, би, билік,
тергеу турасында 88 мақал [245, 49-53
б.
], 10-бөлімінде-
жолаушылық, қонақ һәм қонақасы, ас, ауру, бақсы, өлім турасында 68
қазақ мақалдары [245, 53-56
б.
] – бәрі түрлі-түрлі тақырыптарға
бөлініп орналасқан.
1923 жылы тағы бір жыр жеке кітап болып шықты. Ол Мәскеу
қаласындағы «Күншығыс» баспасынан ғылыми-көпшілік сипатта «Ер
Тарғын» жыры [246]. Кітаптың сыртқы мұқабасында: «Жер жүзінің
еңбекшілері
бірігіңдер!
Марабай.
Түзетіп
бастырған:
Қыр
баласы(яғни
Ә.Бөкейханов-
Н.Ж.).
Ұлттар
Комиссариаты
қарауындағы Күншығыс баспасы. Мәскеу. 1923 жыл»,- дерегі бар
[246,1
б.
]. Бұл жинақ арнайы басылым қатарына жатады.
Мұнда да
жинақ құрастырушы Ә.Бөкейханов өз мақсатына, көзқарасына сай
етіп, мәтінді өңдеген. Мұнда да кітаптың ішкі бетінде баспа аты,
орналасқан мекен-жайы, секциясы, кітап аты,
жырды айтушы мен
түсініктеме беріп жариялаушылардың аты- жөндері т.с.с.-бәрі орыс
тілінде берілген [246,2
б.
].
Мәтіннің кімнен жазылынып алынғанына қатысты дерек көзі
келтіруінің мәнін атап өте отырып, үлгінің түзетілуге ұшырау
кемшілігін де ескерткіміз келеді. Шығармада қара сөзбен басталып,
одан әрі өлең мәтінін аралас өру орын алған. Шамасы бастырушыдан
болар, мәтін іштей 14 мағыналық бөлікке ажыратылған. Мұндағы 14-
ші бөлік жыр нұсқасы емес, жырға берген Қыр баласының
(Ә.Бөкейхановтың) түсініктемесі [246, 62-66
б.
].
Мұны толық беруді
жөн көрдік:
«Ер Тарғын» Қарақыпшақ Қобыланды, Ер Сайын, Манас
Достарыңызбен бөлісу: