Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет55/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

қатарлы қазақ-қырғыз жырының бірі. Бұл жырды В.В.Радлов жазып 
алған. Мен қара сөзбен жазғанын қысқартып, өлеңмен жазған 
жерлерін өңдедім. Ер Тарғынның барған елі қырық сан Қырым, 
төбелескені Торғауыт пен Қалмақ. Қырымның елінде жүріп Ер 
Тарғын Торғауытты алады, Ноғайлының елінде жүріп қалмақты 
шабады, қырады.
1438-нші жыл Қырым Алтын Ордадан бөлініп өз алдына ханлық 
болған. Қырымның бірінші ханы хажы Гирей (1457-1466) хан болды. 
1783-нші жылы Қырымды орыс алып, ханлық жоғалды. 1437-1783 
жылдардың арасында Қырымда 35 хан болған. Бұлардың ішінде Ер 
Тарғын қашып барған Ақша-хан жоқ. Қырым Алтын Орданың 
қысымы болып тұрғанда Ноғай Алтын Ордадан барып Қырымды 
билеген. Ноғай, Мамай, Едіге, Жұбан тарихы белгіленген Алтын 


164 
Орданың билері. Ноғай өзі Алтын Орданың ханы Толыбұғы ханды
өлтірген. Тоқта хан Ноғайды өлтірген. Алтын Ордамен алысып 
Ноғайдың аты шыққан. Ноғайлы деген ел осы Ноғайдың елі. Ноғайлы 
елінің жайы Дон, Құбан, Еділ-Жайық: осы өзендердің аяғында 
атысып, шабысып көшіп жүрген. Еділдің аяғында тұратын, осы күні 
тұрған Қалмақ пен Ноғайлы елі еріксіз көрші болған. Ақша ханға еріп 
жүріп Ер Тарғын алған Торғауыт Қалмақ болады. «Ақтабан 
шұбырынды- Алқа көл сұлама» деген қырғыннан кейін, Абылай ханның 
заманында Торғауыт Алашты қақ жарып Еділдің аяғынан
күншығысқа өз жеріне жоңғарға қайтқан. Жолда босып бара 
жатқан Қалмақты, Торғауытты қазақ шауып, талап, қырып 
отырған. Жайықтан Ертіске дейін шашылып жатқан «Қалмақ 
қырған», «Шүршіт қырған» деген таулар сонда майдан болған 
жерлер. 
Шаған өзені Теке (Орал қаласы) тұрған жерді Жайық құяды. 
Шағанның басы Орал тауының Еділге қарай шөгіп бел болып 
бытыраған, «Сырт» деген, етегінен шығады. Сырттың сайында, 
төбесінің бетінде қора-қора емен ағаш осы күнде де бар. Ер Тарғын 
басына шығып қарауыл қараған емен осы Сырттың емені. Біздің 
Бөкейлікте Тарғын қысымы деген аймақ бар. Бұлардың жерінде Үш-
Тарғын деген жерлер бар. Бұл жерлер Сырттан келген далалар. 
Самар мен Бөкейлік губернияларының шегі Тарғын деген өзен. Бұл 
өзенді орыс «Торғын», қазақ «Тарғын» дейді. Тарғынның өзенінің 
күнбатысында Жанарыстан өзені, орысы «Руслан» дейді Еділ құяды. 
Астрахан темір жолының бойындағы (Красинжи кут) осы 
Жанарыстан бойында болады.
Тарғын өзенінің сол жағында Сауенке деген мұжық қаласынан
бір шақырым жерде далада үлкен жер оба бар. Осы жерді жайлап 
жүрген қазақ мұны Тарғынның обасы дейді. Ер Тарғын 
«Жанарыстан, Үш Тарғын деген тауға барып жайылады. Осы 
жерді Мысыр етті» дейді жыр. 
Бұлай болғанда Тарғынның Мысыр еткен жері біздің Бөкейлік. 
Не «Ер Тарғынның» жырын шығарған ақын Бөкейліктен. Тарғын 
сияқтыны өзі алып қоятын біздің жыршылардың әдеті; «Қозы 
Көрпеш-Баянды» Лепсі оязында Найман өзінікі қылып алып қойған. 
Найман жырлап жүрген «Қозы Көрпеш-Баяндағы» жерлер, өзендер 
– бәрі Найманның жайы, жерлері.
Жыр Ер Тарғынды қырғыз дейді. Ер Тарғын Ноғайлының елін, 
ханын қорқытқанда Қырымда қырық құрдасым бар деп, келеді. 
Ер Тарғынның қырғыздығы жырдағы «Аршын», «Сағат» сияқты 
жұқпа бос сөз. 


165 
Қара Тоқа Мұрат ақын Еділ, Жайықты Ноғайлының жері деп 
жырлап келіп: «Күліктің ұлы Қартқожақ. Естерек ұлы Тарғынның 
тарыққанда ақыл сұраған жер»,- дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет