Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

тиген әсері өте күшті. Мұраттың сөзі өте құдіретті саналған. Ел 
ішіне көп жайылған. Мұратты білмейтін Бөкейлікте, Оралда, 
Маңғышлақта адам жоқ десе де болғандай. 19-ншы ғасырдың екінші
бөлімінен соң шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкірттері. 
Міне, қысқаша айтқанда Мұраттың өлеңдерінің ішкі маңызы. 
Өлеңдердің сырт жағына келсек, Мұраттың тілі әдебиетімізге
негіз болған ел әдебиетінің тілі. Мұраттың өлеңдерінде қазақтың
ел әдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, ысқақ, жоқтау 
секілді үлгілердің бәрі бар. Әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің
өте керектігі шексіз нәрсе»,- деп аяқтайды [249, 8
б.
]. Одан әрі 
ғалым Х.Досмұхамедұлы Кіші жүздің руларына қатысты деректерге 
тоқталған [249, 8-10
б.
]. Кітапта одан әрі Мұрат ақынның 
шығармалары бірінен соң бірі тізбектеліп берілген. Мәселен, «Үш 
қиян» туындысы 31 бөлікке араб сандармен ажыратылып берілген. 
Мұндағы шумақ түрі де, буын саны да, тармақ саны да, бунағы, 
ұйқасы т.с.с. аралас келген. Шығарма басында ғалым 
Х.Досмұхамедұлы: «Бұл өлең жаңа жүріп, ел аштыққа көніп, елді 
оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастағанда заманның түріне 
айтылған. Айтылуы 1873-нші жылдың шамасында болған»,-деген
түсініктеме береді [249, 11
б.
]. Бұл мәтінді келтірумен бірге ғалым 
Х.Досмұхамедұлы «Үш қиян» шығармасында кездесетін түсініксіз 
сөздердің мағыналарына тоқталады [249, 26-29
б.
]. Мәселен, «қиян- 
аймақ, су жағасы, су деген мағынада болса керек. Абылғазы 
Баһадүрдің айтуынша қиян деп үлкен суды, таудан аққан селді 
айтады. Қазақ арасында қиян кескі деген сөз бар»,- делінген [249, 26
б.
]. Міне, бұдан біз ғалым Х.Досмұхамедұлының Абылғазы 
Баһадүрдің еңбектерімен таныс болуы өз алдына, қазақ тілі мен 
әдебиеті т.с.с. тарихында алғаш ғылыми түсіндірме сөздік жасаудың
негізін қалаушылардың бірі болғандығын танимыз. Бұдан басқа: 
«Жайық», «Асанқайғы», «Қазтуған», «Орақ-Мамай», «Телағыс», 
«Шора батыр», «Самар», «Едіге», «Үш өзен», «Қара су», «Қараша», 
«Ақтөбе», «Аштархан», «Әз Жәнібек», «Өгіз тау», «Сағыз», «Жем», 
«Тайсойған», «Ормамбет», «Елек» т.с.с. жер-су, қала аттары мен 
белгілі 
батырлар, 
хандар, тұлғалар 
есімдеріне 
қатысты
түсініктемелері сақталған. Мұраттың «Сарыарқа» деген екінші бір 
туындысына Х. Досмұхамедұлы мынадай түсініктеме береді: «Ұлы 
Қоянда (жыл аты- Н.Ж.) жұрт тегісінен жұтағанда Мұрат та 
бәрінен айрылып қалған соң, жалғыз түйеге қатын- баласын мінгізіп, 
өзі жаяу жетелеп Маңғыстаудағы Адайға барады. Адайұлы Қоянда 


171 
онша көп жұтамаған. Қояннан соң бір үлкен тойда қазақтың 
әдетінше той бастау жолы Мұраттыкі екен. Адайдың арасында
қаңғыған жалғыз үй келімсекке жол бермейміз, өзіміз бастап, той 
бастауды өзіміз аламыз деген сөз болыпты. Сонда ызаланып 
жиылған көптің ішінде тұрып, Мұрат осы «Сарыарқа» деген өлеңді 
қоя берген. Айтып болған соң Адайдың ақсақалдары сөзіне риза 
болып, той бастатпай бәйгесін беріпті-мыс. Бұл өлең 1880-нші 
жылы айтылған» [249, 30
б.
]. Міне, мұнда өлеңнің туу тарихына 
қатысты маңызды дерек көзі бірге берілген. Мәтін түпнұсқасы араб 
сандарымен ажыратылған 28 бөліктен тұрады. Соңынан түсініксіз 
сөздердің мағыналары келтірілген [249, 40-43
б.
]. Одан әрі кітапта 
«Қазтуған», «Шалгез», «Әттең бір қапы дүние-ай», «Қарасай-Қази», 
«Есеттің үгіті», «Өлім», «Қыз», «Мұраттың Жылқышымен 
айтысқаны», 
«Мұраттың 
Оразбен 
айтысқаны», 
«Мұраттың 
Жаскілеңмен айтысқаны», «Мұраттың Жантолымен айтысқаны», 
«Мұраттың Тыныштықпен айтысқаны», «Мұраттың Тұрабайға 
айтқаны», «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Мұраттың Маңғыстаудан 
еліне жазған хаты», «Досқа хат», «Мазақ» атты туындылары орын 
алған.
Бұлардың бәрінде дерлік мәтіннің жазылуы тарихына,
кездесетін түсініксіз сөздерге қатысты түсініктемелер бірге беріліп 
отырған. Онда: Ауған деген жұрттың Қазтуған жұрты деп саналуы; 
Шалгез жыраудың қалмақты сөзбен тоқтатқаны; Мамай бидің ел 
билеуі; Орақ батырдың ел қорғауы; есікте кезеулі тұрған алмас 
қылышқа ұрынған Орақтың күндесдікпен өлтірілуі; артындағы
Қарасай, Қази деген ұлдарының елін қайта билеуі т.с.с. деген тәрізді 
түсініктемелер бар. 
Кітаптағы айтыс жанрына келетін болсақ, «Мұраттың Жылқышы 
деген ақынмен айтысқаны» үлгісінде: Жылқышы деген ақынның
өткен заманда болғаны, сөздері бұл күнде жойылғаны; айтыстың 
1890-ншы жыл шамасында болғаны; бұл айтысқан уақыттың
Жылқышы ақынның қайтыс болар алдындағы мезгілімен, әрі 
Мұраттың 18 жасар жігіт кезімен тұспа-тұс екені көңіл бөлгізеді. 
Одан әрі Мұратқа Беріш-Есет бидің ақыл айтқаны; Мұраттың 
кезінде Адай, Беріш, Жаббас, Таз, Есентемір деген бес рудың
адамдарын мақтағаны т.с.с.- бәрі осы айтысқа Х.Досмұхамедұлының 
берілген түсініктемесінде қамтылған [249, 115
б.
]. Осы үлгідегі 
түсініктеме «Мұраттың Ораз деген ақынмен айтысқаны» деген 
мәтінде орын алған [249,123
б.
]. Мұнда: Таз деген рудан шыққан Ораз 
ақынның заманында айтқыш шешен болғаны; Гурьев қаласында 
болып жатқан жәрмеңке үстінде екі ақынның айтысқаны: Досымбай 
мен Қосымбай атты ел билеген адамдардың ұят болады дегенге


172 
сайып, екі ақынды әрі қарай айтыстырмай қойдырғаны; айтыс 1870-
нші жылдардың шамасында болғаны т.с.с. турасында деректер
сақталған. Бір өкініштісі- мұндай ақпарат көздерінің қайдан, кімнен, 
қашан алынғаны ескерілмеген. 
Демек, белгілі ғалым Х. Досмұхамедұлының жинап, теріп, 
құрастырған 
«Мұрат 
ақынның 
сөздері» 
атты 
жинағының
маңыздылығы: біріншіден, жинақтың ғылымы талаптарға сәйкес 
шығарылуы. Яғни алғысөзі, түсініктемесі, сөздігі мен мазмұны т.б. 
бірге болуы. Екіншіден, алғысөз ішінде тек ақынға қатысты 
өмірбаяндық деректер берумен ғана шектелмей, сол сияқты ақын 
туындыларына да қатысты біршама әдеби талдаулар да жасалған. 
Мұның бәрі ХХ ғасырдағы Кеңес өкіметі тұсында ғылыми-көпшілік 
сипатта шыққан осы бір жинақтың ғылыми және көркемдік
құндылығын арттырады. 
1924 жылы Мәскеу қаласында ғылыми-көпшілік сипатта жарыққа 
шыққан келесі кітап «Қозы Көрпеш-Баян» деп аталады [250]. Сыртқы 
мұқабасында нұсқа иесі В.В.Радлов, ал жазып алған Қыр баласы (яғни 
Ә.Бөкейханов-Н.Ж.) екендігі әрі араб әрпімен, әрі орыс тілінде
жазылған. «Жазып алған» дегені - Радловтан көшіріп алған деген 
мағынада болу керек. Нұсқаның Мәскеу қаласының В.И.Ленин 
атындағы Ресейдің Ұлттық ғылыми кітапханасында сақтаулы тұрғаны 
белгілі. Осы орайда, ол нұсқадағы «Қыр баласы» деген сөздің қара 
сиямен боялып, өшірілгенін ескерген жөн. Оның нендей мақсатта
болғаны белгісіз: не ғалым есімін көрсетпеу арқылы, оның 
ғылымдағы орнын төмендету, не саяси мақсатта оның есімін ататпау 
т.с.с. тәрізді арнайы тапсырмамен Кеңес үкіметі тұсында істелген 
теріс, зиянды іс-шаралардың бірі екендігі даусыз. Жыр үлгісі
мағыналық жағынан 31 бөлікке ажыратылған. Бір қызығы нұсқаның 
алғысөзі де, түсініктемесі де т.б. жоқ. Үлгінің 30 бөлегі өлең түрінде 
келсе, тек соңғы 31-нші бөлігі ғана қара сөзбен жазылған. Мәтін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет