Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет93/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

алдымен, батырдың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі 
тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың
өзекті тақырыбы екі жастың бақытқа жету жолындағы 
тартысы, қасірет-зары, махаббаты. 
Екіншіден, батырлық дастандарда шешуші роль атқара 
бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып 
ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады... 
Бұл дастандардың батырлық жырдан үшінші айырмасы- соларда 
образдар реалистік түрде сипатталады... Ғашықтық жырларда 
дастанның 
оқиғалары 
мен 
кейіпкерлердің 
 
іс-әрекеттері 
психологиялық жағынан нанымды да терең мотивировка табады»,- 
дейді [338, 196
б.
].Сөйтіп, эпостық жырларды бір-бірінен ажыратуда 
ғалымдар үлгінің тақырыптық ерекшелігіне баса назар аударса, ал 
кейіпкерлерін талдағанда фольклорлық ерекшелікті ескермей, тек оны 
әдеби образ деп қарағанын көреміз. 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын талдағанда, авторлар оның 
бірнеше нұсқасы бар екеніне көңіл бөледі. Жырдағы кейіпкерлердің 
мінез ерекшеліктері сөз болса да, мәтіннің көркемдік ерекшеліктері 
талданбаған.
Тарихи жырларды сипаттаған М.Әуезов пен Л.Соболев ой-
пікірлері де бар: «Бұл тарихи жырлардың дәстүрі тереңде, алыста 
жатыр. Ол бастауын Орта Азия мен Сібір тайпаларының ру аралық 
тартысы кезінде шабуыл-жорық жайындағы жырлардан алады.
XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ-қалмақ соғыстары, соның 
салдарынан қазақ халқының көп қиындық көріп, Сырдария жағасынан 
Арқаға көшуі сияқты тарихи оқиғалар «Ақтабан шұбырынды» 
жайында жыр-аңыздар тудырды. Есімнің, Абылай мен Қабанбайдың, 
XVI – XVIII ғасырларды өмір сүрген басқа да тарихи адамдардың 
жорықтары жайындағы тарихи жырлар да мол»,- дейді [338, 202
б.
]. Сөйтіп, тарихи жырлар негізінде, көбінесе тарихта болған 
адамдар жататыны дәлелденген. Мұндай тарихи жырға берілген 
сипаттама түріндегі анықтама қазір де өз мағынасын, мәнін жойған 
жоқ. 
М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Эпос и фольклор казахского народа» 
атты мақаласынан Қазақстанда халық ауыз әдебиетін зерттеу 
жұмысының бұрынғыдан әлде қайда тереңдеп, жаңа биікке 


260 
көтерілгендігін көреміз. Қалың көпшіліктің өмір тәжірибесін
жинақтаудан келіп туған халық ақындығының жемісі, аталған
мақалада дұрыс шешімін тапқан. Мұның бәрі мақаланың ұтымды 
жағы болады. Алайда, осындай дұрыс көзқарастармен қатар басқа 
зерттеулерде де кездескен олқылықтардың мұнда да орын алғанын 
айта кеткен жөн. Халық ауыз әдебиетінің шығармалары мен
жанрларының тарихи дамуы бұл еңбекте жете көрсетілмеді. Сол 
тұста да, кейін де бар кемшіліктер қатарында, көптеген зерттеу 
еңбектерде халық ауыз әдебиетінің формасын талдауға көңіл аз 
бөлінді. Форманы мазмұннан бөліп қарап, белгілі бір жанрды талдауға 
алғанда, оның поэтикалық тілін, тәсілін атап өтіп, нысанадағы 
шығармадан тек мысалдар келтірумен шектелушілік кездесті. 
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары жазылған бұл 
еңбек – қазақ фольклорының барлық дерлік жанрларын қамтыған 
тұңғыш көлемді мақала деуге болады. Әсіресе, қазақ ертегілерін 
іштей жіктей отырып, оларға алғаш анықтамалар берілуі, 
ерекшеліктері ескерілуі- бәрі, сөз жоқ, қазақ фольклортану 
ғылымының дамуына ерекше үлес ретінде бағалануға лайық. 
Сонымен қатар фольклорды зерттеу ісіне тілтану мамандары: 
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев т.б. та ат салысады. Мәселен, 
профессор Қ.Жұбанов 1936 жылы (Из истории порядка слов в 
казахском предложении) қазақ сөйлеміндегі сөз тіркестері тарихын 
зерттей отырып, қазақ тілінде кездесетін «сүт кенже», «бір туған» 
деген екі сөздің мағынасын анықтау үшін Шалқар мен Тараза дейтін 
ақындар айтысынан мысал келтіреді [339]. Ал, тілтанушы проф. 
С.Аманжолов «Бөгенбай батыр» (1936) жырын баспадан шығарды, 
қазақ халқының жұмбақтары туралы жинақ құрастырды. 
Қысқасы, фольклор- әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі. 
Халықтық музыканы- музыкатану ғылымы; халықтық биді- 
хореография; халықтық шығармашылықтың әдет-ғұрып пен әр түрлі 
ойын-сауық, түрлерін- театртану; халықтық сәндік қолданбалы 
өнерді- өнертану салалары т.с.с. арнайы зерттейтіні мәлім. Сондай-ақ 
фольклорға тілшілер, тарихшылар, психологтар және тағы басқа 
ғалымдар назар аударатыны да анық. Әр ғылым саласы фольклордан 
өзіне қызықтыратын, қажетті мәліметтерді т.с.с. іздейді. 
Фольклорлық шығармалар халық жадында сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша беріліп келгенін ескерсек, фольклортанушы
ғалымдардың 
бастапқы 
міндеті 
айқындалады: 
фольклорлық 
экспедицияларға шыға отырып, фольклорды айтушылар мен 
таратушыларды тауып, олардан фольклор үлгілерін жинастыру т.с.с.- 
«далалық жұмыстар» болып табылатын жұмыстардың бәрі де мәнді. 


261 
Ал, фольклортанушы ғалым фольклорды теориялық тұрғыда 
зерттегенде, көбінесе оның не басылым көрген фольклорлық мәтінді,
не архивтерде жатқан жазбаларды пайдалатыны белгілі. 
Түйіп айтқанда, фольклордың да өзіне ғана тән заңдылықтары бар. 
Мәселен, фольклордың ауызекілік сипаты: ауызша формада тууы, 
ауызша таралуы, ауызша өмір сүруі т.с.с.- бәрі де фольклордың 
көркем әдебиеттен ажырататын басты ерекшеліктері болып саналады. 
Мұндай фольклорлық ерекшеліктерге сондай-ақ дәстүрлік синкреттік, 
көп нұсқалық, импровизациялық т.с.с. қасиеттердің жататыны да 
мәлім. 
Фольклордың түп тамыры ертеден келе жатса да, ол жөніндегі 
дұрыс, дәлелді, орнықты пікірлер кешірек қалыптасқан. Егер орыс 
фольклортану ғылымы сонау ХVIII ғасырда пайда болып, ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысында қалыптасып үлгірсе [340], ал, қазақ 
фольклортану ғылымының XVIII ғасырдан басталғанымен [341] өз 
алдына жеке ғылым саласы ретінде Қазан төңкерісінен кейін қаз тұра 
бастағаны белгілі. 
Сонымен бірге алғашқы фольклорлық жазбаларда әуесқойлық 
т.с.с. әсері басым болса, кейінгілерде фольклорды тарихи, 
этнографиялық, әдебиеттану, тілтану т.б. дерек көзі ретінде бағалау 
алға шыққаны анық. 
ХХ ғасырдағы Қазан төңкерісінен кейін өкімет басындағы 
Кеңестік жүйе тудырған идеология қазақ фольклортану ғылымы 
саласында тек фольклордың жиналуы мен жариялану сипатына ғана 
емес, сондай-ақ фольклордың зерттелу деңгейіне де ықпал етіп, 
ондаған жылдар бойы шығармашылық ойдың дамуына елеулі
пайдасымен қатар біршама кедергі жасап келгені де анық. Мұндай 
жағдайда, көбінесе жеңіл әлеуметтік зерттеулер ғана қолдау тауып 
отырғаны мәлім. Фольклортанушы ғалымдар еңбектері міндетті түрде 
маркстік ойшылдардың идеялары тұрғысынан жазылуы қажет деп 
саналғаны белгілі. ХХ ғасырдың 1930-1950 жылдар аралығында 
кеңестік ғылымда тексерусіз, зерттеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, 
дәлелденбеген қағидалар, концепциялар үстемдік етсе, мұнда бәрі 
фольклортану ғылымының да шынайы өрістеуіне үлкен тосқауыл 
тудырып отырды. Қысқасы, бұл кезеңде «маркстік фольклористика» 
деген терминнің қалыптасқаны, ал ол өз кезегінде фольклортану 
ғылымындағы ғалымдардың бұл бағытта фольклордың теориясы мен 
тарихына қатысты мәселелерді қарастырғанда, міндетті түрде Маркс, 
Ленин, Луначарский және т.б. маркстік ойшылдардың еңбектерін 
басшылыққа алу қажеттігін міндеттеді. 


262 
Бұл бағыттағы ғалымдар, көбінесе: фольклор мен ұлт-азаттық 
қозғалыстардың өзара байланысын; әрі халықтың таптық санасындағы 
өзгерістерін т.б. фольклорды таптық тұрғыда, әрі тұрпайы социология 
тұрғыда, әрі тек әдебиет түрі деген тұрғыда діттеп, содан шыға алмау 
төңірегінде қалғаны белгілі. Ал, отандық, әрі шетелдік «маркстік 
емес» ғалымдардың жетістіктері т.с.с. өз кезегінде ескерілмей, 
айтылмай, төмендетіліп, тіпті оларды теріске шығару, мойындамау 
іс-әрекеттері белең алғаны да мәлім. Мәселен, орыс фольклортану 
ғылымында «маркстік» кезеңге дейінгі белгілі ғалымдар: Б.И.Буслаев, 
А.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер [340,46
б.
] т.б. еңбектері біржақты, 
теріс сынға ұшыраса, ал қазақ фольклортану ғылымында белгілі 
ғалымдар: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов
т.с.с. еңбектері ұр да жық сынға ұшыраумен шектелмей, тіпті олардың 
аты да аталмай, жазғандары да т.б. ескерілмеген кезең де орын алғаны 
белгілі.
1950 жылдарға дейін қазақ фольклортану тарихында тарихи-
типологиялық зерттеу әдісінің дами түскені; т.б.- бәрі де фольклорды 
тарихи дамудың әр кезеңіндегі эволюциясы мен алғаш шығу, жасалу, 
даму процесі тұрғысындағы т.б. қарастыруды қамтитыны мәлім. 
Фольклорлық жанрлардың зерттелуін алсақ, бұл кезде қазақ 
фольклортанушы ғалымдары көбінесе қиял-ғажайып ертегілерін,
хайуанаттар жайлы ертегілерді, аңыздарды, батырлар жырларын,
тұрмыс-салт жырларын т.б. қызыға қарастырды. 
Ертегілерді зерттеу барысында ең алдымен оны жанрлық 
тұрғыдан жіктеу мәселесін шешу қажеттігі туады. 1920-1930-шы 
жылдардағы қазақ фольклортану ғылымы алдында ертегі жанрын 
зерттеуде: оны табиғаты мен тегіне, мәтіннің композициялық 
құрылымына, шығарманың атқаратын қызметіне, туындыдағы 
шынайылық пен қиялдың арасалмағына т.с.с. қатысты мәселелер 
көтерілгені белгілі. Бұл мәселелерді шешудің бастауы сонау XVIII 
ғасырдан 
бастап 
ХХ 
ғасыр 
басына 
дейінгі 
белгілі 
ғалымдар:Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев, 
Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедов т.б. еңбектері 
негізінде жиналған, жарияланған т.с.с. нұсқалар арқасында іске асу 
мүмкіндігіне ие болғандығы анық. 
1920-1930 жылдардың өзінде-ақ Кеңестік үкімет тарапынан жалпы 
халықтық шығармашылықтың әдебиет үшін мән-маңызы үнемі 
ескеріліп, көтеріліп тұрған мәселелердің бірі болғаны белгілі [342]. 
Сөйтіп, кеңестік дәуірде біртіндеп фольклор мен әдебиеттің өзара
байланысын зерттеу мәселесі Ресей, әрі қазақ фольклортану ғылымы 
алдында тұрған басыңқы бағыттардың біріне айналды [343]. 


263 
Кеңес заманында езгіге қарсы күрес, әлеуметтік теңсіздік, 
әділетсіздік т.б. тәрізді мәселелер таптық тұрғыда тек халықтық
шығармалар арасынан іздестіріліп, ел арасынан жинастырылып қана 
қоймай, сондай-ақ көркем әдебиетке де негіз болғаны тарихтан мәлім. 
Жазушылар өз шығармашылығында, көбінесе фольклордың аңыздар, 
ертегілер, мақал-мәтелдер т.б. тәрізді түрлерін көп қолданған. Қазан 
төңкерісінен кейінгі дәуірде фольклорды жазба әдебиетті дамыту 
мақсатында да қолданғанын ескерген жөн. 
Фольклордың негізін анықтау үшін оны көркем әдебиетпен 
салыстыру қолданылып келген. Расында, екі саланың да сөз өнеріне 
жататынын ескерсек, әрқайсысының ерекшелігін ажырату үшін,
олардың өзіндік сипаттарын сараптау қажеттігі туады.Сөйтіп жеке 
сала түрін ажырата отырып, олардың өзіндік даму жолдарын т.с.с. 
айқындау мүмкіндігі туады. Фольклорды саралағанда, оны қатып 
қалған, өзгермейтін, статистикалық күйде қарастырмай, даму үстінде 
ғана зерттеу керектігі анық. Тарихтың әр дәуірінде, түрлі қоғам 
жағдайында фольклор бір қалыпты болмағаны белгілі. Кеңес үкіметі 
тұсындағы ғалымдар фольклордың табиғатын ғылыми зерттеу үшін 
таптық қоғамдағы мен таптық қоғамға дейінгі фольклордың өмір сүру 
ерекшелігін т.б. қарастыруға мәжбүр болды. Яғни феодалдық, 
капиталистік, сондай-ақ Кеңестік дәуірдегі қалыптасқан фольклордың 
бойындағы ерекшеліктерді анықтау басты міндетке айналды. Соның 
нәтижесінде фольклорды зерттеушілер мына ерекшеліктерге баса 
назар аударуды мақсат еткен. Бірінші, фольклордың халықтығы 
мәселесі [344]. Осы орайда бұрынғы кезден ауызша сақталған 
мұралардың барлығын да халық шығармашылығы деп тану орын 
алды. 
Сонымен қатар Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халық ауыз 
әдебиетіндегі халықтық ұғымдарды қарастырған фольклортану 
ғылымының жіберген қателіктері мен кемшіліктерінің түп төркіні- ол 
фольклордың әлеуметтік негізін қарастырмаудан туындаған деп 
түсіндіру үстем болды. 
Екінші, бұл фольклордың көп нұсқалылығы [345] көңіл бөлерлік. 
Көп нұсқалылық жазба әдебиеттен ажыратылатын, әрі фольклорлық 
шығарманың бір өзгешелігі ғана. Варианттылық фольклорлық 
нұсқалардың ауызша ел арасына таралу тәсілдерінің бірі екендігі 
анық. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер халықтың көзқарасындағы түрлі 
ерекшеліктерді тудыруы, оның өз кезегінде ауызша шығармалар 
нұсқаларының мазмұнында да түрлі ауытқуларды негіздегені де 
сөзсіз. 


264 
Үшінші, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі фольклордың 
бойындағы коллективтік ұғым мәселесі болды. Түрлі фольклорлық 
шығармалардың нұсқаларын қарастырудағы мақсат-көптеген 
адамдардың, яғни коллективтің белгілі бір фольклорлық шығарманың 
тууы мен қалыптасуына т.б. қаншалық әсері, қатысы бар екендігін 
ажырату екені мәлім. Демек алғашқы мәтіннің сюжетін 
қалыптастыруда коллективтің қатысу мүмкіндігі, бірлескен авторлық 
мәселесі, фольклорды таратушылардың, айтушылардың т.б. мәтіннің 
мазмұнына аз не көп мөлшерде өзгерістер енгізуінің түрлі себептері:
мәтін идеясының сол тұстағы халықтың көзқарасына сәйкес келу- 
келмеуі; мәтінде стильдік, әрі композициялық тұрғыда толықтырулар 
жүруі; қоғамдық жағдайдың өзгеруі; басқа тарихи, таптық ортадан т.б. 
мәтіннің өзгерістер қабылдауы т.с.с. қамтылды.
Төртінші, таптық қоғамдағы дәстүрлік мәселесі [346] сөз болады. 
Дәстүрлілік ұғымды таптық қоғамдағы халықтық шығармалардың 
заңды дамуы барысын талдау негізінде ғана түсіндіруге болады деп 
саналғаны белгілі. 
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Кеңестік фольклортану 
ғылымы көп жылдық өзіндік өмір сүру жолын басынан кешірді. Сол 
кездің өзінде Кеңестік фольклордың өзіндік ерекшелігі, поэтикалық 
табиғаты, ұғымның қаншалықты көлемді екендігі, тіпті оның даму 
жолы да т.с.с. түрлі дау-таластарды тудырғаны белгілі. Социалистік 
қоғамда мәдениеттің жетістігі барлық еңбекшілердің жолына, 
қызметіне бағындырылғаны да тарихтан мәлім. Ал, кеңестік 
адамдардың баспа әдебиеттерін, кино, радионы кең пайдалануы т.б. –
бәрі қоғамда фольклордың дамуына, өмір сүруіне кері әсерін 
тигізгені анық. Тіпті фольклорды таратушылардың кеңестік қоғамда 
өз қабілеттерін жетілдіру үшін түрлі арнайы оқу орындарында оқу 
мүмкіндігі, ақын, маманданған артист, музыкант т.с.с. бейнесінде 
қызмет ету жағдайлары да фольклордың ел арасына кең таралу 
мүмкіндігін шектегені сөзсіз. 
Сондай-ақ кеңестік қоғамда фольклордың барлық жанрлары 
сақталмағаны, оның ішінде дінмен байланысты тақырыптарды 
қамтитын үлгілердің т.б. не жартылай, не толық жойылғаны да анық 
[347]. Тіпті кеңестік адамдардың әйтеуір айтылатын саясатсыз сөздің 
әсеріне, не діни өлеңдерге, не діни аңыздарға т.с.с. деген қажеттілікті 
керек етпейтіні де сөз болады. Сондай-ақ кеңестік тақырыпқа орай 
жасалған эпостық жанрдың өзі де социалистік қоғамның талаптарына 
толық сай келе бермейтініне де назар аудару да орын алды. Кеңестік 
фольклорды зерттеу ісінің Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеу 
жұмыстарының әдіс-тәсілдерінен көп өзгешеліктері болуы заңды: 


265 
белгілі бір нұсқалар, не толықтай жеке жанрлар ұзақ өмір сүру, байқау 
т.б. нәтижесінде емес, керісінше, «жақсы» дегендерді сұрыптау, 
өңдеу, олардың қаншалық өмір сүру мүмкіндігін т.б. қарастыру 
үстемдік етті. Кеңес уақытындағы халық шығармаларының жекелеген 
жазбалары әр жерде, әр түрлі басылымдарда т.б. жарияланғаны 
белгілі. Сол уақыттың өзінде біраз фольклорлық материалдар 
жинақталып, арнайы кітаптарға еніп басылғанымен, әлі де 
жинақтауды, жариялауды қажет етеді дегенді ескеру қажеттігі сөз 
болады.
Сол кезде қазақ фольклортану ғылымы алдында кеңестік 
фольклордың басылым көрген нұсқалары мен ол турасында 
жүргізілген зерттеу жұмыстарының библиографиялық анықтамаларын 
жасау міндеті тұрғаны да белгілі. Ол үшін газет, журнал т.с.с. 
беттерінде жариялымдарды іздестіру, қарастыру, зерттеу т.б. 
жұмыстары тұрғаны анық. Сонымен қатар кеңестік фольклорды 
жинау, қағазға түсіру т.б. жұмыстарын әрі қарай жалғастыра беру 
қажеттілігі; ол үшін арнайы тақырыптар бойынша экспедициялар 
ұйымдастыру; өнерпаздықты зерттеу мәселесіне, оның мүшелеріне, 
ұйымына т.б. ерекше назар аудару; фольклорды айтушылардың 
өзіндік шығармашылығын зерттеу мәселесі т.с.с.- бәрі сол кездегі 
қазақ фольклортану ғылымы алдында тұрған көкейкесті мәселелердің 
біразы ғана. Сондай-ақ фольклордың жиналып, басылым көрген 
өзгешелігі бар барлық мөлшердегі мәтіндерді де зерттеу талабын алға 
шығарды. 
ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы 
алдында фольклордың әр жанрын зерттеу қажеттігі тұрды: тұрмыс-
салт жырларын, аңыздарды, ертегілерді, эпостық жырларды, 
айтысты, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтарды т.с.с. Мұндағы 
зерттеушілер алдында тұрған негізгі міндет: әр жанрдың пайда болу, 
даму тарихын т.с.с. зерттеу; олардың көркемдік табиғатының өзіндік 
ерекшелігін; қамтылған шындықты бейнелеп көрсету әдіс-тәсілдері 
мен қоғамда атқарған қызметін т.с.с. жан-жақты анықтау мәселелері 
тұрды. Мәселен, қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеу жұмысының 
көлемі күннен күнге кеңейе түсті. Мектепке арналған оқулықтар, 
ғылыми жинақтарға кіріспе, очерктер, байсалды зерттеу мақалалар 
жазыла бастады. Оларда халық ауыз әдебиетінің тарихпен байланысы, 
эпостың образдары [348], айтыстың ерекшеліктері, айтысқа қатысушы 
ақындардың шеберлігі [349], ертегінің түрлері [350], халық көтерілісі 
жайындағы өлеңдердің сипаты [351] т.б мәселелер сөз болды. Қазақ 
фольклорының негізгі өсу бағытын көрсетуге қадам жасалды [352]. 
Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің өзара байланысы жөнінде 


266 
мәселе қойылды [353]. Ақындардың творчествосы зерттеліп [354], 
историографиялық тақырыптарға мақалалар жазылды. Жоғарыда біз 
атап өткен мәселелер М.Әуезовтың еңбектерінде, оның Л.Соболевпен 
бірігіп жазған мақаласында («Эпос и фольклор казахского народа») 
мұқият қарастырылды[355].
Мәселен, белгілі ғалым Б.Кенжебаевтың «Қазақтың ертегілері 
туралы» зерттеу мақаласы 1940 жылы «Әдебиет және искусство» 
журналының №1 санында басылды (Б.78-86). Мұнда негізінен, мақала 
авторы басқа да елдермен қатар Қазақстанда да ауыз әдебиеті 
қазыналарын жинау жөнінде бірталай жұмыстар атқарылып жатқанын 
сөз етеді. Дегенмен жарық көрген кітаптардағы фольклорлық 
үлгілерді сұрыптау, зерттеу, оларға түсінік жазу жағы біраз кейін 
қалып отыр дегенге де назар аударады. Шыққан жинақтардың біреу-
екеуінен басқасында сөз басы, түсінік жазылмағанын ескере отырып, 
ғалым Б.Кенжебаев «Қазақ ертегілері» деген жинақтарды, кітаптарды 
қарап шыққанын, осылар жөнінде сөз қозғайтынын айтады. Онда 
мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді: жалпы қазақ арасында 
айтылып жүрген ертегілер қанша, олардың қаншасы қазақтың 
төлтума, байырғы ертегілері, қаншасы кірме, басқа жұрттан кірген
ертегілер екендігін ажырату мәселесі қойылады. Бұған дейінгі 
зерттеулерде бұл сауалдарға жауап бермегені белгілі. Ал, мұнда қазақ 
ертегілері қатарында «Алдар көсе», «40 өтірік», «Тазша» т.б. үлгілері 
сөз болады. Мақалада, сондай-ақ, ертегілердің шығу тегі, қай елдікі 
т.с.с. деген тәрізді мәселелер де көтеріледі. Мәселен, 1859 жылы 
Федор Бенфейдің үндістан халқынан басқа ешбір халықтың өзінің
төлтума, байырғы ертегісі жоқ деген сыңаржақ пікіріне Б.Кенжебаев 
қарсы шығады, келіспейді. Ал, ертегілердің туыстас халықтар 
арасында ауысып, араласып жатуы, тіпті әбден сіңіп, суретін, 
сюжетін өзгертіп, әбден өзгеріп кеткен ертегілері болады дей отырып, 
ғалым Б.Кенжебаев олардың сол халықтардың бәріне де ортақ мұра 
болатынын да алғаш сараптаған.
Одан әрі қазақтың «Қаңбақ шал» тәрізді ертегілерін, сюжетін, 
кейіпкерлерін т.б. грек ертегісімен типологиялық жағынан салыстыра 
отырып, ол ертегілердің бір- біріне ешбір ұқсамайтыны, сол себепті 
олар өз елінің төлтума ертегісі болатынын дәлелдеп шығады. Сөз 
соңында Б.Кенжебаев мынадай тұжырымға келеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет