Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет92/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

қажеттітігі мен маңыздылығы бұл саладағы ертегілердің мазмұнын 
ғана емес, молдығы мен алуандығын да белгілеген»,- деген анықтама 
береді [338, 174-175
б.
]. Сөйтіп бұл ертегілердің халық арасында 
пайда болуы мен кең таралуының негізгі себептері деп мал баққан 
елдің экономикалық тұрмысы мен қоршаған ортаға деген 
көзқарасынан туындағанын авторлар дұрыс ашып береді. 
Салт ертегілері турасында мынадай тұңғыш сипаттамалар да 
беріледі: «Сірә, бұл топтағы ертегілер қиял-ғажайып ертегілердің
тұрмыс-салт ертегілеріне ауысу шағын танытса керек. Нағыз 
тұрмыс-салт 
ертегілері 
көшпелі 
бақташылық 
тұрмысты 
суреттейді, әрі кең жайлау мен көк сеңгір тауларды, жұт 
болмайтын жасыл алқапты көксеген арманға толы болып келеді»,- 
дейді [338, 176-177
б.
]. 
Халық шығармашылығының келесі түрі ретінде қазақ мақал-
мәтелдері, жұмбақтары берілген. Олардың дені өлең түрінде
келетінін ескере отырып, ғалымдар оларда ассонанс, аллитерациялар 
мол ұшырасатынына, мағына-мәні мейлінше терең болатынына, 


258 
халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар мол екеніне 
т.б. дұрыс көңіл бөлген. 
Негізінен, М.Әуезов пен Л.Соболев халық ауыз әдебиетінің әр 
түрлі жанрларында суреттелетін кейіпкерлер арқылы, қазақ халқы 
ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін атап көрсетеді (мәселен, Жиренше 
шешендегі- Жұпардың, Ақсақ құлан жайындағы аңыздағы- күйшінің, 
сыңсудағы қыздар мен келіндердің, «Ер Тарғын» эпосындағы- 
Ақжүністің, «Айман-Шолпан» жырындағы сұлу, ақылды Айманның 
кейіптері). Мұндай нәтижені авторлардың қазақ эпосының, құда 
түсумен байланысты айтылатын өлең-жырлардың өлең құрылысына 
талдау беруінен де байқаймыз. Міне, мұнда мақала авторлары 
фольклорлық кейіпкерлерді әдеби образ деп қарастырғанын көреміз. 
Жалпы М.Әуезов пен Л.Соболев қазақ эпосын іштей дұрыс 
ажыратқан: а) батырлар жыры, ә) ғашықтық жырлары, б) тарихи 
жырлар [338, 188-205
б.
] деп. Ғалымдардың ой-пікірлерінше,
батырлар жыры, көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, 
Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген 
нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады 
дейді. Эпостық жырлардың шығу тегі сөз болғанда, олар тұрмыс-салт 
жырларының негізінде туды дегенді де айтады. Батыр жорыққа 
аттанғанда айтылатын «қоштасу» жыры, ол қалыңдық әкелгенде 
айтылатын үйлену-салт жыры, ол өлгенде жанкүйерлері жылап-
сықтап жеткізетін «жоқтау» жыры сол батыр жайындағы эпостық 
жырдың негізін құрамауы мүмкін емес дегенді айтады. Мысал 
ретінде авторлар «Қобыланды», «Ер тарғын», «Сайын батыр»
жырларын дәлел ретінде пайдаланады.
Қазақ халқының батырлық эпосының ішіндегі ең көлемдісі, ең 
тамашасы деп ғалымдар «Қобыланды батыр» жырын атайды. Жырда 
Қазан қаласының ауызға алынуын М.Әуезов пен Л.Соболев үлгінің 
тарихи төркіні барлығын байқатуы ретінде түсіндіреді. Одан әрі 
жырдың қысқаша мазмұны баяндалады. «Қобыланды батыр» 
жырының басқа халықтар эпосынан айырмашылығы- онда батырдың 
ата-анасы, жұбайы, серіктері, тұлпар аты, қару-жарағы ерекше мол 
суреттелетіні діттеледі. Демек ғалымдарды жырдың көркемдік 
ерекшеліктері қызықтырғаны сөзсіз. Ендеше авторлар фольклордың
эстетикалық жағын да қарастыруды ұмытпаған. Жырдың 7-8 буынды
үлгімен келетіні, мағынасына қарай шумақтағы жол сандарының 
алмасып отыратыны, ұйқасы да айнымалы болып келетіні, бірақ 
дыбыстың үндестігі мен әуезділігі, қайталаулар, ассонанс пен
аллитерация мол ұшырасатыны т.б. –бәрінің қазақ эпосына, оның 
өлеңдік құрылысына жалпы тұтастай ортақ қасиет екенін М.Әуезов 


259 
пен Л.Соболев дұрыс айқындаған. Одан әрі жырдың оқиғасы
образдар жүйесі т.б.- бәрі де әдебиеттану талаптары тұрғысынан 
талданады. 
Ал, ғашықтық жырларды батырлық эпостан ажырататын басты-
басты үш ерекшелікті М.Әуезов пен Л.Соболев былай береді: «Ең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет