255
жыршы, әрі импровизатор ақын. Халық поэзиясындағы таңдаулы
үлгілерінің туып, таралып және осы уақытқа дейін сақталып
жеткені үшін біз осынау ақындарға борыштымыз. «Жол анасы-
тұяқтан, сөз анасы- құлақтан»,- деп келеді қазақ мақалы. Ақын өз
жанынан ғана жыр шығарып қоймаған. Ол қыз бен жігіттің, кәрі-
жастың ойын-тойда, қоштасқанда, қаза үстінде айтатын өлең-
жырларының бәр-бәріне құлақ тосып та отырған. Сөйтіп, басқа
мұраны да зер сала жинайтын кәрі құлақты ақындар өз
жырларымен бірге халық арасынан естіген сол жырларды да қоса
айтқан. Кім шығарғаны беймағлұм өлең-жыр жалпақ даланың бір
түкпірінен бір түкпіріне ғасырдан ғасырға осылай таралып
отырған»,- дейді [338, 157
б.
].
Жалпы,
М.Әуезов пен Л.Соболев бұл мақаласында халық ауыз
әдебиетін негізгі бөлімдерге бөліп, оның әрқайсысын орынды
сипаттап өтеді. Олар халық ауыз әдебиетін мынадай негізгі жанрларға
бөледі:1) халық поэзиясының шағын түрлері; 2) ертегі, аңыздар,
мақал- мәтелдер,
жұмбақтар; 3) батырлар жыры; 4) ғашықтық
жырлары; 5) тарихи жырлар; 6) айтыс өлеңдері [341, 158-159
б.
].
Негізінен алғанда қазақ фольклорын осылай етіп жанрларға бөлу
қалыптасқан қағидаға айналып отыр. Тек мұнда ұсақ дидактикалық
жанрға жататын мақалдар мен жұмбақтар
қазіргі таңда өз алдына
жеке бөлінген. Сондай-ақ мұнда кейінгі жылдары ғана ел аузынан
жиналып алынған халық ауыз әдебиетінің кейбір түрлері
ескерілмеген. Халық ауыз әдебиетін жанрға бөлумен қатар, сол әрбір
жанрға жататын ұсақ формалар да жете зерттелген. Мәселен, «Халық
поэзиясының шағын түрлері» деген топта үйлену-салт жырлары
қатарында жар-жар, сыңсу, беташар және мұң-шер өлеңдері
(қоштасу, естірту, жоқтау) жеке берілген [338, 159-172
б.
].
Қазақтың үйлену салтына байланысты туған жырларының ішінде
ерекше мол таралғандары жар-жар, сыңсу,
беташар екенін ескере
отырып, одан әрі авторлар олардың ритуальдық-тұрмыстық мән-
мағынасына қоса, ойын-тойда, сән-салтанат тұсында да , әзіл-қалжың
ретінде де орындалатынын айтады. Оларда жас жұбайларға деген
тілек-бата айтылатыны, күлкілі теңеулер,
тапқыр ишара, емеуріндер
мол ұшырасатыны, қалыңдыққа көз жасыңды көл қылып төкпей
аттан дегенге саятын жұбату білдіретіні т.б.- бәрі авторлар
тарапынан сөз болады. Демек фольклордың тәрбиелік мәні М.Әуезов
пен Л.Соболевті қызықтырған. М.Әуезов пен Л.Соболев үйлену-салт
жырларына жататын «жар-жарды»:
«... салт-ғұрыптық мәнін
айқындай түсу үшін «жар-жар» деген сөз қайырма ретінде әрдайым
қайталанып отырады. Қазақ әдетінде құда түскендегі жайында,