277
1923 жылы Мәскеуде шыққан «Ер Тарғын» кітабы ішінде де
Ә.Бөкейханов 5 беттік өз пікірін жазған [370]. Мәселен,
«Ер Тарғын»
Қарақыпшақ Қобыланды, Ер Сайын, Манас қатарлы қазақ-қырғыз
жырының бірі»,- деуінен, біз ғалымның бұл үлгілердің түркі тілдес
халықтарға ортақ мұра ретінде қарастырғанын көреміз [370, 62
б.
]. Ал,
бұл жырды В.В.Радлов жазып алғанын анықтауы, әрі оны одан
алғанын Ә. Бөкейхановтың ескеруі- бәрі кітап шығаруда үлгінің
қайдан алынғанын нақты көрсетуді талап еткен ғылыми талаптың ХХ
ғасыр басында орындала бастағанын көрсетеді.
Одан әрі Ер
Тарғынның барған елі Қырық сан Қырым, төбелескені Торғауыт пен
қалмақ делінсе, 1438-нші жылы Қырымның Алтын Ордадан бөлініп,
өз алдына хандық болғанына назар аударудан- Ә.Бөкейхановтың
эпостық жырлар бойынан халық тарихының ізін іздестіруді мақсат
еткені танылады. Одан әрі автор Қырымды алғаш билеген хан
Жәнібек Керей (1437-1466) десе, 1783
жылы Қырымды орыс алып,
хандық жойылғаны, ал 1437 мен 1783 жылдар арасында 35 хан
болғанын ескертеді. Сонымен қатар Ә.Бөкейханов эпостағы Ер
Тарғын бейнесіне қатысты тарихта қалған елді-мекендерді тізбектеп
атап өтеді. Мәселен: «Біздің Бөкейлікте «Тарғын қысымы» деген
айлақ бар. Бұлардың жерінде «Үш Тарғын» деген жерлер бар. Бұл
жерлер сырттан келген далалар»,- дейді [370,63
б.
].
Демек бұл
пікірлер ғалым Ә. Бөкейхановтың эпостық жырларды тарихи зерттеу
әдісі
негізінде
қарастырғанын
дәлелдейді.
Яғни
жырдағы
фольклорлық бейненің тарихтағы прототипін іздестіруді мақсат
еткенін көрсетеді. Және де бұл тәсіл кейінгі зерттеушілер еңбегінде де
жиі қолданылады.
Белгілі қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов 1923 жылы Ахмет
Баржақсыұлы жинап бастырған «Мың бір мақал» кітабына 3,5 беттік
алғысөз жазды [371]. Мәселен, алғысөздегі мына бір пікірлер назар
аударарлық:
«Ер қазынасы -ескі сөз, ел қазынасы- ескі сөз, тіл
қазынасы- ескі сөз» деген бұрынғылардан қалған мақал. Бұл мақал
әншейін әлдеқалай айтыла салған мақал емес, өмір жүзінде ел
аузындағы ескі сөздер: мақал, мәтел, тақпақ, өлең-жыр секілділердің
өте керектігі ащы тәжірибелермен анықталғандықтан айтылған.
Оның ішінде, әсіресе тұрмыс тәжірибесінің қорытындысы мақалдар
өте-мөте керек. Себебі мақалда айтушы елдің басынан кешірген
Достарыңызбен бөлісу: