283
өмір сүру ерекшелігін, яғни мәтіннің қысқару, өзгеру, ұмытылу, қайта
түрлену, даму кезеңдерін т.с.с. қамтитын
ауызекі даму ерекшелігі
мәселесін алғаш көтергендердің бірі екендігін атап айту жөн демекпіз.
Одан әрі С.Мұқанов батырлар жырларына тән ортақ
ерекшеліктерге де тоқталады. Бірінші ерекшелік, бұл батырлардың
көпшілігі әке-шешесі қартайған кезде, балаға зарыққан кезде дүниеге
келетіні; жырда кездесетін «Қайып-ирен, қырық шілтен, Баба түкті
шашты Әзиз, Хазірет, Қыдыр, Ілияс т.б.»
сықылды әулиелердің
балаға зарыққандарға дұғасы тиіп, есіркеуі, тілегі қабыл болуы т.б. –
бәрі Ісләм дінінің әсерінен туындаған деген пікір айтады. Екінші
ерекшелік ретінде, батырлардың көпшілігі бала кезінен ақылды,
қайратты, өжет т.с.с. боп келетіні ескертіледі. Үшінші ерекшелік-
батырлардың көбінің сенімді екі серігі болатынына назар аударылған.
Бірі –сүйген әйелі болса, екіншісі- астындағы сенімді тұлпары
екендігі аталады. Ал,
төртінші ерекшелікке, батырлар жырының,
көбінесе оқиға сюжеті бірыңғай болатынына да зерттеуші көңіл
бөледі. Батыр жауға аттанғанда, артында қалған үй ішінің басына
ауыр қайғы туатыны; сыртқы жауын
жеңіп келген батыр нақ қиын
жағдай үстінде үй ішін, әсіресе сүйген жарын құтқарып, жыр соңында
ішкі, сыртқы жауынан үстем боп мұратына жететіні т.б. сөз болады.
Батырлар жырының, көбінесе батыр мен оның астындағы
атының қайраты, ерекше күштілігі, тіпті аттың адамға тіл қатуы,
ақылдылығы т.с.с.- бәрі де әсерленіп, дәріптелініп, күшейтіліп
берілетіндігі айтылады
Ал, ғалымның:
«Іслам дінінің әдебиеті сықылды халық
сүймейтін, халықтың тұрмыс шындығынан шықпаған жолдан
қосылған жолбикелердің талайын халық ұмытып кетті»,- деген
[373, 13
б.
] пікірінен, сол кездегі Кеңес үкіметі тұсында дінді қоғамнан
аластату іс-шараларының белең алғанын, әрі дінге қарсы «әділетсіз»
науқанның етек алуымен түсіндіруге болады.
Ғалым батырлар жырында сол кездегі «социализм» қоғамында
отырған қазақ халқының сана сезіміне түгел үйлесе бермейтінін;
батырлар жырында социализм қоғамының тілегіне, принципіне
қайшы келетін,
ұлт пен ұлттың, халық пен халықтың араздығын
тудыратын сәттер барлығын; қанаушы тап үстем заманда, ұлт пен
ұлттың, халық пен халықтың арасындағы араздықтың күшті болғанын
сөз етеді. Және де «Қазан төңкерісінен» бұрынғы ескі қоғамда қазақ
елінің көбірек соқтыққан, көп жауласқан
елдері монғол тұқымдас
елдері мен Ресей екендігіне де т.с.с. назар аударумен қатар ғалым
С.Мұқанов:
«... Осындай әрі Россия феодализмінен, әрі өз байларынан
Достарыңызбен бөлісу: