Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

Қобыланды, Шора, Қамбар, Ер Көкшелер тарихта анық болған
біразының оқиғасы, күресі айқын адамдар боп табылып отыр. 
Тарихтық жағынан беті айқындалмаған батырлар: Сайын, Тарғын, 
Алпамыс сияқтылар. Олай болса, ертедегі батырлармен бертіндегі 
батырлардың арасына шек қою өте условно болу керек... Ескі 
дәуірлердің батырлары туралы шығарылған поэмалардың оқиғасы 
ертегілеу болып айтылады. Мәселен Қобыланды батырдың Тайбурыл 
деген атының ұшқан құстан жүйрік болуы шындыққа жатпайды. 
Махамбет пен Бекеттің аттарында мұндай «қасиет» кездеспейді. 
Махамбет, Бекеттердің батырлығы, аттарының жүйріктігі ақылға 
сыятын шындыққа жанасатын оқиғалар. Ерте заманның
батырларының қайраты шындықтан асыңқырап жатады. Мұндай 
айырмашылықтың болуы XIV-XV ғасырда Едіге мен ХІХ ғасырда 
жасаған Махамбеттің тұсындағы қазақ елінің дүниетануы екі 
сатыда болғандықтан болуы тиіс»,- деуінен [373, 8
б.
], біз 
ғалымның, негізінен, эпос жанрын қарастырғанда тарихи талап
тұрғысынан келіп, олардың батырлар жыры мен тарихи жырларға тән 
өзіндік ерекшеліктерін дұрыс ажыратқанын көреміз.
Одан әрі ғалым: тарихта белгілі болған батырлардың ең кәрісі 
Едіге екендігіне; одан бұрын болған батырды қазақ әдебиетінің 
тарихы әлі білмейтініне; Әзербайжан ғалымдарының «Қорқыт» деген 
кісі мен «Көрұғлы» деген батырдың «біздікі» деген тәрізді даулы 
пікірлерін келтіре отырып, олардың да қазақ еліне ортақ екендігін, 
қазақ әдебиеті мен мәдеиетіне қатысы бар екендігін т.б. дәлелдеуге 
тырысқан. 
Жинақ кіріспесінде [373, 9-11
б.
] С.Мұқанов қазақ батырлары 
туралы шығарылған жырларды қазақ елінің әлеуметтік өміріндегі 
тарихи төрт кезеңмен байланыстырады. Бірінші кезеңін- Алтын Орда 
кезеңімен жіптестірсе, оған дәлел ретінде «Едіге батыр» жырын 
алады. Екінші кезеңді- Ресейдің үлкен мемлекетке айналу барысында
Қазан хандығымен жауласуы дей отырып, мысал ретінде «Шора», 
«Орақ-Мамай» т.б. жырларын келтіреді. Үшінші кезең ретінде 
«Алпамыс», «Ер Көкше», «Қобыланды», «Ер Сайын» т.с.с. 
жырларынан көрінетін қалмақпен арадағы жаугершілік заманы 
алынады. Төртінші кезең болып, Ресей мемлекетінің қазақ даласын 
отарлау саясатын тура жүргізе бастаған мезгілі алынған. Оған сол 
кезде аты шыққан батырлар: Сырым, Махамбет, Наурызбай, Бекет 
т.с.с. есімдеріне қатысты туған жырлар жатқызылған. Сондай-ақ бұл 
тарихи төрт кезеңде шыққан батырлар жырларының бастапқы үш 
кезеңін суреттейтін оқиғалар тізбегі бірімен-бірі сапырылысып,


282 
араласып жататыны, оларды бір-бірінен айырып алу, арасына шек 
қою қиындығы да сөз болады. Мұның бәрі халық мұрасына сол 
кезеңде үстем болған тарихи көзқарастан туындағаны белгілі. Ғалым 
С.Мұқанов өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу мақсатында, қазақ 
еліндегі сонау XIV, XV, XVI т.б. ғасырлардағы тарихи оқиғаларды
басты тарихи тұлғаларды (хандар, батырлар т.с.с.), тіпті жер-су, қала 
т.б.аттарын келтіргенде ондай құнды тарихи деректердің қайдан
алынғанына сілтеме жасамайды. Шамасы бұл деректер мамандарға 
белгілі деп есептеп С.Мұқанов сілтеме бермеген болуы керек. Ал,
мұндай жоғарыда келтірілген пікірлердің не дұрыс, не бұрыстығын 
айқындайтын дерек көздерінің болмауы, ғылыми пікірдің неғұрлым 
дәлелді болуына күмән туғызары сөзсіз. Сонымен қатар 
С.Мұқановтың: «Тұрмысы көшпелі, сауатсыз қазақ ауылында
батырлар жырын негізінде сақтаушы жыршылар мен адамдар 
болған. Ақын, жыршылар өздерінен бұрынғы ақын, жыршылар 
айтатын батырлар жырын жаттап алған. Осы жаттауларды
жаңадан жаттаған ақын, заманының тілегіне қарай өзінше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет