290
қайғының, көбінесе аз сөзбен көп мағынаны қамтып, тиімді
айтылатынына дұрыс назар аударған [376, 22-27
б.
].
Ал, басқа зерттеу еңбектерде кездеспейтін фольклордың естірту
түрі осы кітапта алғаш сөз болуы, сөз жоқ, М.Әуезов еңбегінің
маңызын арттырады:
«Ескі қазақ салтында көп елді күйзелтетін
қайғыны арнаулы өлең естіртетін әдет болған»,- дейді [376, 27
б.
].
Қазақтың өмірінде қуанышын ұлғайтып,
қайғысын серпілтуге
бағындырылған қайғы үстіндегі сүйеу сөз, көңіл айтып жұбатқан сөз
болады десе, сондай-ақ адамды қайғыға дайындау үшін естіртудің
тұспал, жұмбақпен басталатын үлгілері орындалатыны айтылады.
Онда қаһарман өміріне баға берілетіні; кейінгі ұрпағына егіліп
жылаған халық т.б. көз жасымен қайырлы өмір тілейтіні; кейде оның
күймен де айтылатыны ғалым М.Әуезов тарапынан алғаш рет
қарастырылады.[376, 27-28
б.
]. Қоштасу, көңіл айту үлгілері де
М.Әуезов тарапынан жан-жақты сараланған [376, 28-36
б.
].
Ғалым дінмен байланысты өлеңдерді де салтпен байланыстыра
отырып, оларды екі топқа бөліп қарастырған:
«1) Ескі діннің
сарқыты болған өлең; 2) Ісләм дініне байланысқан өлеңдер»,- деп
[376 ,36-46
б.
]. Міне, бұдан біз Мұхтар Әуезовтіңдіннің де қоғамда
атқаратын әлеуметтік қызметіне назар аударғанын көреміз. Мәселен,
ғалым наурызды, бақсылардың сарынын ескі діннің сарқытына
жатқызса, жарамазанды ісләм дініне байланысты қолданады.
Мұндағы наурызды «дінмен» байланыстырғаннан гөрі қазір ұлыс
жыры, елдің ертеден келе жатқан ұлы мейрамы деп т.б.
қарастыру
орындылығы сөз болады. Ал, бақсылық, бақсылық сарыны т.б. деген
фольклор үлгілері де бұрынғы еңбектердің бірінде де сөз болмайды.
Ендеше М.Әуезов кітабында бұл фольклор үлгілері тұңғыш рет
қарастырылып отыр. Демек бұл да еңбек маңыздылығын арттырары
күмәнсыз. Және бұлардың қай кезде, кімдер арқылы орындалатыны да
жазылған. Онда мынадай тұңғыш анықтама бар: «Бақсылық- ескі
діннің сарқыты. Бұрынғы кездегі бақсы көмескіні болжайтын
сәуегейлігіне қарап, өз дінінің пайғамбар әулиесі сияқты құдайлармен
жасырын елшілер арқылы жалғасады, тіл алады деген сенім болған»,-
делінген [376,41
б
.]. Дегенмен Ісләм дінін нақты діттеген идея жоқтың
қасы десек те, оны асыра мақтау үлгісі орын алмағанын ескерген жөн.
Кеңестік оқу жүйесінде оқулықтың жетіспеуіне байланысты
ғалым
М.Әуезов
тарапынан
дайындалған
тұңғыш
төл
оқулықтарымыздың бірі «Әдебиет тарихы» еңбегі екені белгілі.
Кезінде бұл монографиялық еңбек зиянды деп табылуы,
еңбек атына
сілтеме жасаудың өзіне рұқсат етілмеуі т.с.с.- бәрі де тұңғыш
оқулықтағы: ұлттық тілдің, салт-сананың, тұрмыс-салттың, әдет-
291
ғұрыптың ұлттық мүдде тұрғысынан жазылғаны себепті болды. Осы
монографиялық еңбек арқылы ғалым М.Әуезов қазақ фольклорын,
оның жанрлық түрлерін алғашқылардың
бірі болып жан-жақты
талдайды.
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдеріне келгенде, ғалым оның: жар-
жар, қоштасу-танысу, бет ашар т.б. үлгілеріне арнайы көңіл бөлген
[376, 46-55
б.
]. Ғалым бұларды елдің ескіден келе жатқан салтымен
байланыстырады және де қуаныш, қызық үстіндегі
өлең деп дұрыс
қарастырады. Одан әрі олардың әрқайсысын тудырған белгілі
себептермен бірге, бұлардың әрқайсысында арнаулы терең мағына,
көздейтін арнаулы мақсаты бар дегенді де ескертеді. Мәселен, жар-
жарды екі жақтың айтысынан құралады десе, бір жағын күйеу, не
еркектер тобы, екінші жағын қалыңдық, не әйел тобы құрайтыны
айтылады:
«Адам баласының екі ру болған қауымының бұл жерде
Достарыңызбен бөлісу: