284
Россиямен жауласты. Міне, осы жаугершілік заманда, жауласқан
елдерін жаман ел қып көрсету ол заманның саяси сана-сезіміне
үйлес жағдайлар еді. Сондықтан батырлар жырында: «Кәпір
жаман, қалмақ жаман» деген пікір басым айтылады...
Батырлар жырында жауласқан қарсы жақтың елі де, батыры
да осал, мінездері бұзық боп сипатталады. Бұл әрине, жоғарыда
айтқандай, ескі антагонистік қоғамның сана-сезімінен шыққан,
тұрмыс шындығына жатпайтын жағдай. Батырлар жырындағы
жаңа бір ескеретін жағдай, қай елді алсаң да тапсыз, тұтас ел
сықылданады. Расында олай емес. Мәдениеттің қандай төмен
сатысында тұрса да, қоғамдық өмір сүрген елде қанаушы,
қаналатын- екі тап болады. Мәселен, арғы кәрі заманда құл мен
қожа, одан бері капиталистер мен жұмысшылар, ауыл шаруасының
жағдайында кулактар мен батрактар тағы сондайлар. Ел мен елдің
өзара тартысуын былай қойғанда, адам баласының барлық дәуірінде
де бір елдің ішіндегі қанаушы мен қаналушы таптарының арасы
қайшыланып келген, кейде бұл қайшылық ұласқан күреске де
айналған.
Қазақ елінің батырлар жырында ел арасындағы бұл
қайшылықтардың ұшқыны көрінеді. Мәселен: «Сайын батырда»
тоқсан құл Сайынның әкесі Бозмұнайға қорлық көрсетеді, «Алпамыс
батырда» Ұлтан құл Алпамыстың әулетіне зорлық істейді, «Қамбар
батырда» Қамбар тоқсан үйлі тобырдың жоқшысы болып көрінеді.
Бұ да, әрине тап қайшылығының белгілері. Бірақ, бұл белгі поэмада
өте әлсіз, шын тұрмыстағы тап тартысынан анағұрлым үстірт,
жеңіл айтылған»,- деуінен [373, 14
б.
], біз ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы Кеңес үкіметі заманында халықтық шығармалар болып
табылатын эпостық жырлардың өзіне де «тап тартысы» идеологиясы
тұрғысынан
қараудың, сол кездегі ғылым, әдебиет пен мәдениеттің
қалыптасуына зиянды ықпалын тигізгенін анықтаймыз. Демек бұл
кезде тарихи құндылықтарға шынайы объективті баға берілудің
орнына, керісінше, идеологиялық, субъективтік көзқарастардың
әсерінен, Мәскеудегі орыс ғалымдарына жалтақтай қараудың, тарихи
шындықтың не бұрмалануына, не өзгеруіне т.с.с. негіз қаланғанын
көреміз.
Ғалым фольклордың келесі жанры ретінде «әдет-ғұрып
поэмаларының» өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Яғни бұл ғашықтық
жырларда адамның әлеуметтік өмірінен гөрі жеке өмірінің оқиғалары
көбірек
болатынына көңіл бөлумен қатар, әрі мазмұны жағынан, әрі
композициясы, әрі сюжет жағынан батырлар жырымен арадағы
жалпылық, ұқсастық жерлері де көп болатыны сөз болады. Дегенмен
285
батырлар жырына қарағанда жауға кездесіп, үлкен батырлық, қайрат,
кек алысу арқылы кездескен жауын жеңіп, мұратына жету т.с.с.
тәрізді белгілердің аздығына да назар аудартады. Керісінше, оларда
елдің ішкі әдет-ғұрпын суреттеу жақтарының басымдылығына т.с.с.
көңіл бөлінген. Ал, бас бостандығын көксеген жастардың өмірі
«қанаушы» таптар қысымында болды дей отырып, олардың бас
бостандығы малдай саудаға түскендіктен, әйел де, ерлер де бірімен-
бірі ұнатысып, қосылуды арман етуі тәрізді тілегінен ғана «әдет
поэмалар» дүниеге келді дегенді айтуы т.с.с.- бәрі де ғалымның
біржақты субъективті көзқарасының жемісі. Демек, ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы Кеңес үкіметі
тұсында тіпті ғылым, білім,
мәдениеттің де т.б. саяси күрес құралына айналғандығын, әрі кез
келген нәрсеге мейлі ғылыми еңбек болсын, мейлі жазушы қолынан
туған көркем шығарма болсын, тіпті авторы белгісіз деген халықтық
мұраларға да т.б. «тап тартысы» тұрғысынан қарау белең
алғандығын танытады.
С.Мұқанов «ескі» дәуір поэмаларының көркемдік жағынан да өте
қымбат екендігін, композициялық жағынан бүгінгі мәдениетті
дәуірдің поэтика талабына үйлесетінін, оқиғаның баяндалуы,
басталуы,
шиеленісуі, шешуі т.б. тәрізді белгілерінің әдебиет
заңдылығына
сай
бағындырылғанын,
халықтық
үлгілердің
композициялық
жағынан
Еуропалық
бағыттағы
ақын
шығармаларынан кем түспейтінін дұрыс айқындаған. Сондай-ақ
халық поэмаларында шала құрылған, көркемдікпен дәлелденбеген
адам кейіпкерлері аз кездесетінін т.с.с. жан-жақты саралауынан - біз,
ғалымның нұсқаның көркемдік құндылықтарын анықтауда, көбінесе
әдебиеттану талаптары тұрғысынан ғана қарастыратынын
байқаймыз.
Сөз соңында [373, 20-21
б.
] С.Мұқанов қазақтың халық
әдебиетіндегі «поэмаларының» азшылығы ғана кірген, жинақтың
қазақтың орденді халық ақыны қарт Жамбылдың поэзияға 75 жыл
сіңірген еңбегіне орай құрастырылғанын атап кетеді.
Қорыта айтқанда кезең қиындығына, ел
билеушілер өктемдігіне,
ғылыми таным жетіспеуіне т.с.с. қарамастан, өткен ғасырдың орта
тұсында да Қазақстанда басқа да ғылым салалары тәрізді
фольклортану ғылымы да өзіндік кідіріс, тоқыраумен бірге тоқтап
қалмау, даму кезеңдерін де бастан кешіргенін көреміз. Әр істің өз
жетекшілері болатынын ескерсек, А.Байтұрсынов та, С.Мұқанов та
сол кезеңнің өзінде қазақ фольклортану ғылымына үлкен үлес
қосқаны даусыз. Мұндағы Сәбит Мұқанов құрастырған «батырлар
жырының» жеке жинақ болып шыққаны, жинақтың бір жанрға ғана
286
арналғаны- қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі екені
сөзсіз. Алғысөз барысында фольклордың
барлық дерлік жанрлары
жан-жақты талдауға түсіп, өзіндік ерекшеліктері фольклорлық
процесс негізінде қарастырылады. Сондай-ақ фольклорлық мәтіндер
тарихи зерттеу әдісі негізінде қаралып, олардың эстетикалық
қызметтері сараланады. Кейіпкерлері әдеби образ ретінде талдауға
түсуі- бәрі, сөз жоқ, С.Мұқановтың қазақ фольклортану ғылымы
қалыптасуына қосқан елеулі еңбегі екені анық.
Жалпы, фольклорды зерттеудегі мақалалар, кіріспелер, алғысөздер
дегенде, зерттеу жұмыстарының біраз ретте сәтті жүргізілуі
фольклортану ғылымына белгілі ғалымдардың келуімен байланысты.
Сондай-ақ онда алдыңғы қатарлы фольклортанушы ғалымдардың
тәжірибесіне сүйенуінің де әсері болғаны белгілі: Ә.Диваев,
А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов,
М.Әуезов,
Х.Досмұхамедұлы,
С.Мұқанов т.б. Қазан төңкерісінен кейін жаңа Кеңестік заманның
орнығуы ықпалымен фольклортану ғылымы халықтық мәдениеттің
көтерілуіне, жалпы халықтық шығармашылықтың дамуына, түрлі
зерттеу
еңбектерінің көбеюіне, фольклортану ғылымын дамытуда
белгілі
ғалымдардың
еңбектерінің
сұрыпталуына,
зерттеу
жұмыстарын жаңа туған қоғамдық қатынастар негізінде қайта жазуға
бағытталғаны мәлім. Бұл жұмысқа түрлі ұйымдарды, ғалымдарды,
студенттерді, оқушыларды т.б. жұмылдырудың бәрі де түрлі
қайшылық, кедергілерді бастан кешірсе де, тұтастай алғанда,
фольклорды зерттеу ғылымының өзіндік дамуын негіздеді.
Бұл кезде «тарихи мектеп» концепциясына негізделген мақалалар
пайда болды. Сондай-ақ фольклорды салыстырмалы зерттеу әдісі
негізінде де қарастыру белең алды. Мұнда ғалымдар фольклорды
халықтық педагогиканың, танымның,
эстетиканың, тәрбиенің т.б.
қайнар көзі ретінде қарастырды. Зерттеу барысында фольклорға, оның
жанрларына анықтамалар берілді. Және де олардың ішкі
ерекшеліктері, өмір сүру жағдайы, орындаушылары, жіктелуі де біраз
сөз болды. Дегенмен фольклорлық бейнелер, көбінесе әдеби образ
ретінде бағаланды. Міне, бұл баяндама, алғысөз түрінде болсын
мақалалар сол ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы хал-жағдайын
анықтайды. Негізінен мақалалар ғылыми-көпшілік мақсатта
жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: