Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет97/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

осы сықылды қиялдардан «кілеммен ұшу», «су астына отау тігу», 
«сиқырлы тіл- сыммен алыстан сөйлесу» тәрізді ертегілер 
туады»,- деуінен [373, 5
б.
], ертегі жанрының басқа да фольклорлық
жанрлардан басты ерекшелігі халықтың ерекше қиял- арманы мен 
шындықтың арақатынасында жатқанын дұрыс анықтаған. Сондай-ақ 
С.Мұқанов ертегінің шыққан дәуірін, оны шығарған адамның кім 
екенін дәлдеп белгілеу қиындығына, ертегіде адам қоғамының өмір 
сүру дәуірінің өткен өмірі бар екендігіне т.с.с. назар аудартады. Осы 
орайда С.Мұқанов фольклорды кәрі әдебиет деп қарастырады. «Кәрі 
әдебиеттің» бір түрі ретінде мақалада- қоғамның тұрмыс 
тәжірибесінен тапқан шындығы жатуы жөніндегі құнды пікірі орын 
алған.
Одан әрі С.Мұқанов қазақтың халық поэзиясына тоқталмас бұрын
белгілі ақын Абайдың: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, // Өлеңмен 
жер қойнына кірер денең»,- деген философиялық өлең жолдарын 
келтіре отырып, фольклордың бір арнасы ретінде шілдехана үстінде 
айтылатын ән-күй ерекшеліктеріне тоқталады: мұндай өлеңнің қазақ 
тұрмысының шындығына сүйеніп шығарылатындығына; бала туған 
соң үш күн ұдайымен жастардың түнде жиналып, шілдеханада күзете 
отырып ән-күй айтатынына т.с.с. көңіл бөлген. 
Сондай-ақ жоқтау жырларының ерекшеліктері де сөз болады:
ескі ауылдың әдетінде өлген кісіні әйелі, қарындасы, шешесі, келіні 
жоқтайтыны; жоқтау басы өлер адам соңғы демін алмай тұрып, көзін 
ақтық жұмбай тұрып басталатыны т.с.с. айтылады. Осы туу мен
өліктің екі арасы қазақтың фольклорында өлең мен әннен
үзілмейтініне назар аударта отырып: қыз ұзатарда «аужар», яғни
«жар-жар» орындалатыны; келіншек түскенде «бет ашар», «айт 
келін» айтылатыны; мал мен адам ауырса бақсылар өлеңмен, әнмен 
зарнап емдейтіні; өлікке көңіл әнмен, өлеңмен айту да болғаны, 
бұрынғы заманда жастардың, балалардың ойын-сауығы өлеңмен, 
әнмен өтетіні де біраз қамтылған. Демек қазақтың тұрмыс-салт 


280 
жырларына жататын бөбек, жар-жар, бет ашар, айт келін, жоқтау, 
көңіл айту т.с.с. түрлерінің халық арасында жалпы орындалу 
ерекшеліктеріне де сипаттама берген. 
Жинақта фольклордың ұсақ жанрларына да көңіл бөлген. 
Фольклордың бұл түрлерін белгілі фольклортанушы: В.В.Радлов, 
Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Ж. Шайхулисламов 
т.б. жинағандығы сөз болады. Дегенмен бұлардың жинағаны үлкен 
теңіздің бір құйылысындай дей отырып, жиналып басылған халық 
әдебиетінен халықтың аузында жиналмай жүргені анағұрлым көп 
екендігіне баса назар аудартады.
Жинақта одан әрі [373, 7-9
б.
] қазақ халық әдебиетінің тек ұсақ 
жанрлармен ғана бітпейтіні ескертіліп, сондай-ақ ондаған сюжетті 
ұзақ поэмалар бар екені діттеледі. Оларды іштей үш топқа бөледі. 
Бұл жерде айтылатын нәрсе «поэма» деген терминнің қазіргі «эпос» 
деген терминдік атаудың орнына жұмсалғаны. Бұл жағдай 
ғалымдардың фольклорға әдебиеттанушы тұрғысынан келгенін, 
«эпос» ұғымы мен әдебиеттегі «поэма» жанры теңестіріліп қолдануы
көрінеді.
Қазан төңкерісіне дейінгі ғалымдар қазақ фольклортану 
ғылымына қатысты ғылыми терминдерді қалыптастыруды қолға ала 
қоймаса да , ал Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес үкіметі тұсындағы 
фольклортанушы ғалымдар қазақ фольклорына терминдік атауларды 
іздестірумен шұғылданды. Әрине- бұл ізденістің бәрі бірдей нәтижелі 
болмаған. Оның үстіне қазақ филологиясында фольклортану жеке 
ғылым ретінде көп уақытқа дейін танылмады. Мұның себебі, 
біріншіден, ғалымдардың арнайы фольклортанушылық білімі 
болмауымен түсіндірілсе, ал бұл өз кезегінде фольклордың өзіндік 
ішкі жанрлық т.б. ерекшеліктерінің ескерілмеуіне әкелді. Екіншіден,
осы себеп ғалымдардың фольклорды тек әдебиеттану тұрғысынан 
ғана бағалауға, қарауға, ескеруге, талдауға т.с.с. әкелгені сөзсіз.
С.Мұқанов «әдет-ғұрып поэмалары» қатарына «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырларын т.б. қосумен 
қатар, белгілі «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық» т.с. қисса-дастандарды да 
кіргізген. Сондай-ақ С.Мұқанов бұрынғы кездің өзінде батырлар 
жырын ғылыми тұрғыда зерттемеген күннің өзінде геройлық эпос пен 
тарихи эпос түрінде екі жүйеге бөлініп келгенін айта отырып 
геройлық эпостың («Едіге», «Қобыланды», «Сайын», «Тарғын», 
«Қамбар», «Ер Көкше» т.б.) нақтылы тарихпен байланысы аз, елдің 
ертегі қиялынан туған деп түйіндейді. Ал, тарихи эпосты («Орақ-
Мамай», «Ер Есім», «Қабанбай», «Кенесары-Наурызбай», «Бекет» 
т.б.) қазақ елінің әлеуметтік тарихының белгілі сатысында болған 


281 
белгілі тарихи оқиғамен байланысты қарастырған: «Мәселен: Едіге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет