Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


сөйлесім, тілдесім, сөйлеу әрекеті, қатысым (коммуникатив), баяншы, тұлғалар, қабылдаушы



Pdf көрінісі
бет34/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   181
1 2019

сөйлесім, тілдесім, сөйлеу әрекеті, қатысым (коммуникатив), баяншы, тұлғалар, қабылдаушы т.б. 
Фаузия Шәмсияқызы ‒ ғылымда өзіндік қолтаңбасы бар ғалым. Тілдік қатынас теориясы мен 
әдістемесін Қазақстан ЖОО-да негізін қалаушы ғалым-әдіскер. Өзіндік пікірін мен көзқарасын 
ұстанғанған тілші. Осы салаға қатысты айтқан құнды теориялық тұжырымдары мен ізденістері 


41 
функционалдық қолданыс табуда. Әсіресе «Тіл әлемі»-нің табиғатын танытудағы еңбегі қазақ тіл 
ғылымында өзіндік орны бар зерттеу еңбек.
Мемлекеттік тілдің қызметінің артуына атсалысып, мамандарды дайындауды міндетім деп санайтын 
ғалым мамандардың білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстанның білім жүйесінің 
өркенденуіне өз үлесін қосып келеді. Әр адамның өз мамандығына немесе өмірлік ісіне деген құштарлық 
еңбектің нәтижесін беретіні, жемісті болатыны өмірдің тәжірибесі дәлелдеп келеді. Фәкең де өзіне сеніп 
тапсырылған сенімді әр кез қалтқысыз еңбекпен, ұжымның жемісті де нәтижелі жұмыс жасауына 
мүмкіндігінше жақсы жағдай жасап келеді. Ғылыми жобаларды, көптеген іргелі зерттеулерді еліміздің 
білім жүйесіндегі (мектеп, ЖОО, ғылыми зерттеу мекемелері) тәжірибемен тығыз байланысты болуы оң 
нәтижесін беріп келеді. Адамның өз шексіз мүмкіндіктеріне сене білуі – мақсатқа жетуіне жол ашатын 
негізігі күш.
Орыс жазушысы А.Чеховтың «Адам бойындағы нәрселердің бәрі: жүзі мен киімі де, ішкі дүниесі мен 
ойы да бір-бірімен жарасып, тамаша болуға тиіс» деген қанатты ойын таратып айсақ, адамгершілігі 
жағынан таза, ойы мен пікірі анық, жүзінен қарапайымдылық пен кішіпейілділік сияқты табиғи 
қасиеттерді Фәкеңнің бойынан табуға болады ғой деген пікірдемін. Адамгершілік мәселесі – Фәкеңнің 
негізгі кредосы, бойындағы жақсы қасиеттердің алтын өзегі. Жан сұлулығы, адалдық, адамдарға деген 
мейірімділік, сыпайы қарам-қатынас ғалым өмірінің әр сәтінен көрінеді. Жылы жүзінен әрдайым жылы 
шуақты, мейірім нышанын аңғарасың. Сырттай қарағанда сөзге сараң тәрізді. Бірақ қисыны келіп
әңгімелескенде сөздің дәмін келтіріп, тыңдаушысын үйіріп әкетеді. Құлаққа жағымды биязы қоңыр 
үнінен адамға деген бір өзгеше жақындық пен жанашырлықты сезесің. Жандүниесі көркем жан өзін өмір 
жолында үнемі кемелдендіріп отырады. Міне, мен сыр бөліскен Фәкеңді осылай танимын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет