80
өтеді. Сондықтан да кез-келген халықтың тағдыры, мәдениеті мен әдебиеті,оның даму болашағы
тіліне тікелей байланысты. Тіл – халықтың рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты
белгі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор.
Сондықтан да тілдің дамуы, жетілуі айрықша күрделі кұбылыс. Осы орайда тілдің негізгі
қоғамдық міндеттерін – адамдардың
өзара ой-пікір алмасуының, жалпы алғанда, өзара қарым-
қатынас орнату және екіншіден, ойлаудың тікелей шындығы болу міндеттерінің мәнін ашып алу
қажет. Аталған міндеттердің біріншісі тіл білімі философиясында коммуникативтік функция, ал
екіншісі гносеологиялық (дүниетанымдық) функция деп аталады.
Коммуникация – латын сөзі, функция деген мағынаны білдіреді. Ал коммуникативтік
функция деген тіркес қазақ тілінің сөздік құрамына орыс тілі арқылы енген. Орыс тілінде
«коммуникация» термині тілге байланысты «общение»
деп аударылып, бұл екі термин қатар
қолданылып жүрсе, қазақ тілінде бұл термин «қатынас», «қарым-қатынас жасау», «пікір алмасу»
деген мағынада қолданылады. Сол сияқты латынның «функция» деген көп мағыналы ғылыми
термині де түп нұсқасында және атқаратын қызметі мен рөлі деген қазақша аударма мәнін де қатар
қолданылады. Тілдің коммуникациялық немесе қатынас құралдық ұғымының философиялық
логикалық мазмұнын ашып көрсету үшін, ол ұғымды, ең алдымен, адамның еңбек қызметімен
байланыста қарастыру қажет, өйткені тілдің тууының ең негізгі алғы-шарты қоғамдық еңбек процесін
реттеу, жетілдіру үшін ұжым мүшелерінің өзара ой-пікір алмасу, бір-бірімен түсінісу қажеттілігі
болғаны. Сондықтан да
қарым-қатынас кұралы болу, яғни ең алдымен, пікір алмасу құралы болу
тілдің ең бірінші, ең басты міндеті, функциясы болып табылады.
Тілдік қатынас болмай адамдар өзара түсінісе алмайды. Себебі бұл – әрі мәнді, әрі негізгі
қадам. Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас теориясының негізін салушы – ғалым Ф.Ш. Оразбаева.
Біз білеміз, тілдік қатынастың құрамындағы негізгі көрсеткіш – тілдік қатынасты жүзеге
асыратын
қатысымдық тұлғалар.
Тіл білімінде «тілдік бірліктер», «тілдік тұлғалар» туралы мәселе мен осыған қатысты
терминдер бұрыннан қалыптасқан.
Олар «тілдік бірлік» кейде «тілдік элемент» деп те аталады.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева: «Тілдік бірліктер уақыт өте келе жаңаша қарастырылып, олар тек
тілдік единицалар ғана емес, қарым-қатынастық единицалар деп те аталады», – дейді [1, 57].
Әрі профессор негізгі мәселе олардың «тілдік бірлік», «тілдік тұлға»,
яғни лексикалық,
грамматикалық, синтаксистік тұлғалар немесе «қатысымдық бірлік», «қатысымдық тұлғалар» деп
аталуы жөнінде емес, тілдік тұлғаға не жатады, оның қатысымдық тұлғалардан айырмашылығы бар
ма, әлде тілдік тұлға мен қатысымдық тұлғалар бірдей ме деген сұрақтардың басын ашып алудың
мәні зор екендігін айтады.
Тілдік және қатысымдық тұлғалар туралы мәселені қарастырғанда, «единица» терминінің
баламасы етіп көп жағдайда «тұлға» сөзінің алынғандығы байқалады.
Тіл ғылымында, «тілдік единица» термині – ғылыми айналымға түскен термин. Ол қарым-
қатынас құралының бөлшегі, яғни тілдің құрамдас бөлігі, ішкі бөлігі дегенді білдіреді. Осы тұрғыдан
келгенде, морфема, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем – бәрі «тілдік бірлік» деп айтылып жүр.
Осыған орай, дыбыс пен фонеманы – «фонетикалық бірлік», сөзді – «лексикалық бірлік», сөйлемді –
«синтаксистік бірлік» деп айту да кездеседі.
Кейбір ғылыми еңбектерде буын, негіз, абзац, контекст, дауыс ырғағы да «тілдік бірліктер»,
«тілдік тұлғалар» деп саналады.
Ғалымның ойынша, бұндай қолданыс лингвистика әлемінде теориялық тұрғыдан зерттеліп,
зерделенбеген, бір ізге түспеген, жүйеленбеген мәселе олардың бәрі тілдік тұлға, тілдік единица деп
аталғанымен, нақтылы тілдік тұлғаға не жатады дегенде, ғалымдардың арасында пікір
қайшылықтары кездеседі.
Осы орайда Ф.Ш. Оразбаева ғалым Ю.В.
Фоменконың фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі,
сөйлем бәрі тілдік тұлға, тілдік единица деп аталғанымен, олардың арасынан тек «сөз» ғана тілдік
тұлғаға жатады деген ойын келтіреді.
Себебі Ю.В.Фоменко тілдік тұлға болу үшін субстанциональность, дискретность, линейность,
неоднородность, иерархичность, воспроизводимость, цельность, двусторонность, номинативность,
самостоятельность сияқты ерекшеліктер тән деп есептейді [2,24].
Ол осы ерекшеліктер
қай тұлғаға тән болса, солар ғана тілдік тұлғаға, тілдік единицаға
жататындығын айтады. Әрі фонема, морфема, фраза, синтаксистік сөз тіркесі, тұрақты тіркестерге
жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ашады.
81
Көріп отрығанымыздай, Ю.В.Фоменконың ойынша, тек «сөз» ғана ең басты тілдік тұлға
болып табылады.
Ал қазақ тіл ғылымында К.Аханов, Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, Ә.Болғанбаев, С.Исаев сияқты
ғалымдар фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлемді тілдік тұлғаға жатқызады.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева осы тілдік тұлғаларды тілдің құрылымдық бөлшектері деп таниды.
Себебі, ғалымның ойынша, осы аталған тұлғалардың біреуі өз орында тұрмаса немесе мүлде болмай
қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның
өзіндік мәні бар. Мәселе осы тұлғалардың қайсысы қай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз
–
барлық тілдік
тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге және тілдік қатынасқа қажет қасиеттердің
көпшілігі тән [1, 60].
Әрі ғалым осы ойын А.И.Смирницкийдің: «...слово выступает как необходимая единица языка
и в области лексики, словарного состава и в области грамматики, грамматического строя, и поэтому
слово должно быть признано вообще основной языковой единицей, все прочие единицы языка.
Например, морфема, фразеологические единицы, какие-либо грамматические построения так или
иначе обусловлены наличием слов и, следовательно, предполагают существование такой единицы,
так слово», – деген ойымен дәлелдейді [4, 11 ].
Тілдік қатынаста «сөз» жеткізілер ойдың мазмұны, ұйытқысы ретінде маңызды рөл атқарады,
бірақ сөз жеке тұрып тіл бола алмайды және басқа сөздермен дұрыс байланыспай адам ойын жеткізе
алмайды. Әсіресе, қазақ тілінде және басқа жалғамалы
тілдерде байланысу тәсілдері, байланысу
түрлері арқылы сөз басқа сөздермен, сөз тіркесімен сөйлемнің құрамында біршама аяқталған ойды
немесе белгілі бір тиянақты ойды білдіреді.
Бірақ фонемаға, дыбысқа қарағанда сөз мағынаны, ұғымды атау арқылы тілдің ең негізгі
бөлшегі, ең негізгі материалы болып табылады. Сондықтан да сөз – тек лексикологияның ғана емес,
тіл білімінің сөйлеу процесіне байланысты барлық салаларының объектісі. Ғалым Ә. Болғанбаев атап
көрсеткендей тіл ғылымы сала – салаға бөлінгенімен, оның зерттеу объектісі – біреу, ол – сөз.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева проблема деп таныған объектінің бірі – қатысымдық тұлға мәселесі.
Ол жөнінде профессор: «Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса,
соңғы жылдары зерттеу нысаны бола бастаған «қатысымдық тұлға» жөніндегі мәселе одан да
күрделі. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл – ғылыми-теориялық тұрғыдан аз зерттелген мәселе», –
дейді.
Осы орайда ғалым «тілдік тұлға» мен «қатысымдық тұлға» туралы мәселе тілдің тұлғалары
мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет деп есептейді.
Сонымен қатар, «қатысымдық тұлға» тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей
емес. Қатысымдық тұлға туралы зерттеу тілдің тұтас қарым-қатынастық рөлімен тікелей байланысты
ерекшеліктерді қамти келіп, белгілі бір ойды тиянақты жеткізу,
оған жауап алу, сөйлеу, сөзді
қабылдау, оның мағынасын түсіну, әртүрлі экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. – сол
сияқты мәселелермен тығыз бірлікте қарастырылады дегенді айтады.
Көріп отырғанымыздай, коммуникативтік тұлғаның қызметі жалпы сөйлеу процесімен
тікелей байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге байланысты. Сөз
белгілі бір мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің құрамына енеді.
Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе келіп, сөйлем құралады. Содан адам ойын екінші біреуге
жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуге жол ашылады.
Сондықтан, «тілдік тұлға» мен «қатысымдық тұлғаның» бір-бірінен айырмашылығы
атқаратын қызметі мен қолданылу аясына байланысты болады. Осыған орай ғалым Ф.Ш. Оразбаева
«тілдік тұлға», «қатысымдық тұлға» терминдеріне төмендегідей анықтама береді.
Достарыңызбен бөлісу: