123
айдау нəтижесінде, турама шұжық өнімдеріне тəн иіс жəне дəмге ие
болады. Əдетте, қуырмалау процессін кірпіш қабырғалы камерада
жүргізеді. Камера ені ішінде арба жəне
рамалар оңай қозғала
алатындай болу керек; оның биіктігі 1 немесе 2 этажды болады.
Шұжық өнімдерін камера ішіндегі температура 60-70
0
С болғанда ғана
кіргізеді.
Əдетте, шұжық өнімдерін камерада
қабықшасы қызарғанша
жəне құрғағанша ұстайды. Бір тонна өнімге 80 кг немесе 0,2 м
3
ағаш
жұмсалады. Егер камерада жасанды тарту (тяга) болса, онда
жағылған ағаш шығыны 30-50%-ке көбейеді. Бөлінген түтін мөлшері
ылғал жəне жартылай құрғақ ағаштарды қолдану кезінде ұлғая түседі.
Бөлме ішіндегі түтін концентрациясы көбейіп кетпеу үшін,
вентиляторлық камералар орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: