120
турамамен тығыз толтыру керек, əйтпесе, қуыс қалып қоюы мүмкін,
сондықтан турама цилиндр бетін толығымен жауып тұруы қажет. Ірі
кəсіп орындарда цилиндрді турамамен толтыру механикалан-
дырылған: шприцтеу бөлімі машина бөлімінің астында орналасқан,
сонда əрбір шприцке бір бункер немесе бір ойыс қондырылады.
Турама бункер арқылы арнайы жолдармен түбі
ашылатын
жылжымалы ковштарға түседі. Жылжымалы ковштарды шприц
цилиндріне салып, ковш түбін ашады да, цилиндрді турамамен
толтырады. Ковш түбін жауып, оны келесі бункерге жылжытады.
Шприц цилиндріне бөтен нəрселердің түсіп кетпеуі қажет.
Батондарды пішіндеуде түтікшелерді (цевка)
дұрыс таңдау,
пішіндерін дұрыс анықтау өте маңызды. Егер түтікше тар болса,
турама кедергіге тап болып, шығу жылдамдығы азаяды. Сонымен
қатар, түтікше
ұзын болған сайын, тураманың шығу жылдамдығы
əлсірейді. Үлкен диаметрлі түтікшелер жіңішке түтікшелерден қысқа
болуы керек. Түтікше диаметрі қабықша диаметріне сəйкес болуы
керек: егер түтікше жіңішке, ал қабықша жалпақ болса, онда
турамамен
толтыру жылдамдығы азаяды; ал егер түтікше диаметрі
қабықша диаметрінен үлкен болса, онда қабықшаны түтікшеге кигізу
қиынға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: