Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
абайды оқыиу

 
 
 
 
 
 
 
Бұл тапсырманың өзге тапсырмалардан ерекшелігі – тапсырманы 
оқушының өзі аяқтайды. Тапсырманы орындауда оқушы сауатты, қатесіз 
жаза біледі. Себебі, бір ғана пунктуациялық қате жіберген жағдайда 
оқушының жазған жауабы дұрыс болмайды. Алтыншы тапсырманың 
ерекшелігі еркін жауап беруді талап етеді. 
6. 
Абай айтқан бес асыл іс? 
Аталған тапсырманы орындауда оқушы Абай айтқан бес асыл істі нақты 
білмесе де, өзінің ойын жаза алады. Жазылған жауабының дұрыс-
бұрыстығын мұғалім тексеріп, бағалайды. Жетінші тапсырмада оқушы 
өлеңнен есімдіктерді табады. 
7. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен есімдіктерді тап. 


55 
Бұл тапсырмада оқушы өлеңнен есімдіктерді басқа сөз таптарынан 
ажырата алуы керек. Оқушы дұрыс жауап беру арқылы басқа сөз таптарынан 
есімдікті ажырата алатынын көрсетеді. Ал, қате жауап берген жағдайда 
өзінің жіберген қатесімен жұмыс жасайды. Сегізінші тапсырмада оқушылар 
мағынасы түсініксіз сөздердің мәнісін таба алады. 
8. «Ғибрәтлі» сөзінің мағынасы қандай? 
Өлең жолдарын оқып отырған оқушыға кейбір сөздер түсініксіз болады. 
Түсініксіз сөздердің мағынасын оқушының өзі анықтай білуі үшін сөздіктің 
бетін парақтап отырғаннан гөрі тест түрінде тапсырма беріп, дайын 
жауаптардың ішінен өзі таңдап жауап бергені тиімді. Тоғызыншы 
тапсырмада оқушы сөз мағынасын қаншалықты ажырата алатынын білуге 
болады. 
9. Өлеңде кездескен «жақсылық – жамандық» қандай сөздер? 
Берілген тапсырмада оқушы өлеңде кездескен сөздердің сөз мағынасының 
түрлерін ажырата білуге үйренеді. Соңғы тапсырмада оқушы өз пікірін еркін 
жаза алады.
10. «Бес дұшпаннан» алыс болу үшін не істеу керек? 


56 
Бұл тапсырмада оқушы жауап нұсқаларын таңдап отырмайды. Өзі дұрыс 
деп ойлаған жауабын, пікірін жазады. Quizizz қосымшасының көмегімен тек 
қана бірнеше өлең төңірегенде емес, мектеп бағдарламасының түрлі 
тақырыптары бойынша бір бөлімді аяқтауда, бір тақырыпты 
қорытындылауда қызықты тест тапсырмаларын, викториналар дайындауға 
болады. Wordwall, Quizizz сияқты интерактивті оқу-әдістемелік 
қосымшаларды қолдануда «уақыт» параметрін алып тастауға болады. Сонда 
оқушы өтіп бар жатқан уақыт туралы емес, берілген сұрақ төңірегінде 
асықпай ойлана алады. 
Ұсынылған әрбір тапсырманы орындау барысында компьютер-оқушы 
интерактивті байланысына түсе отырып,оқушылардың ақпараттық-
коммуникациялық құзыреттіліктері арта түседі. Оқушылар үшін аталған 
тапсырмалар түсіндіруден жалықпайтын, қажымас, талмас жасанды 
интеллект, тренажер қызметін атқарады. Тапсырмалардың қатені көрсету, 
дұрыс жауаптар нұсқаларын ұсыну мүмкіндігі де интерактивтілік қасиетін 
арттыра түседі. 
Қорытындылай келе, әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру 
үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік 
технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, 
яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген 
педагог қана оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. 
Оқытушы білім беру үдерісінде Wordwall, Quizizz сияқты интерактивті оқу-
әдістемелік қосымшаларды тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың 
талдау жасау, жинақтау, бағалау дағдыларын жетілдіре алады. Оқушының 
сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар оқу материалдарын деңгей, 
уақыт көлеміне қарамастан меңгерте алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет