Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
абайды оқыиу

 
Интерактивті 
тапсырма 
– 
оқушының 
белсенділігін, 
шығармашылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалар жүйесі [54, 13]. 
Бұл тапсырмалардың дәстүрлі тапсырмалар жүйесінен басты ерекшелігі – 
Мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы, оқушы, 
мұғалім, компьютер, интерактивті тақта арасындағы өзара белсенді әрекетке 
құрылуында болады. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе 
бір жаңалық болу керек», – дейді Жүсіпбек Аймауытов [56, 39]. 
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақ әдетте 
интерактивті тақтаның көмегімен жүргізіледі. Интерактивті тақтасыз қазіргі 
пандемия жағдайында қашықтықтан оқытуда интерактивті тапсырмаларды 
қарапайым оқытушы Wordwall қосымшасының көмегімен дайындай алады. 
Интерактивті тапсырма құруда Wordwall қосымшасын пайдалану өте тиімді.


46 
1-
сурет. Wordwall қосымшасының мүмкіндіктері. 
 
«Wordwall» 
сөзі (ағылшын тілінен аударғанда «word» – сөз, «wall» – 
қабырға), яғни сөз қабырғасы деген мағынаны білдіреді. Wordwall – бұл 
қабырғаға, хабарландыру тақтасына немесе сыныптағы басқа дисплей бетіне 
үлкен көрінетін әріптермен көрсетілетін ұйымдасқан сөздер жиынтығынан 
тұратын сауаттылық құралы. Бұл қосымша оқушыға өз бетінше тапсырманы 
орындауға, жауабын табуға үйретеді. Wordwall қосымшасын сабақта 
қосымша құрал ретінде пайдалауға болады. Интерактивті тапсырмаларды 
кез келген мұғалім сабақтың құрылымына қарай осы платформаны 
пайдаланып қызықты тапсырмалар жасай алады.
Егер оқытушының шығармашылық ізденісі пен талпынысы болса, онда 
бағдарламалау тілдерінің қыр-сырын меңгермей-ақ сапалы нұсқау көмегімен 
күнделікті сабақта қолданатын интерактивті тапсырмаларды жасауға болады. 
Соған байланысты өз тәжірибемде Wordwall қосымшасы арқылы жасалған 
интерактивті тапсырмалар үлгісін ұсынамын. 
Wordwall 
қосымшасында интерактивті тапсырмалар құруға арналған 
көптеген шаблондар үлгісі берілген. Wordwall қосымшасы орыс тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет