Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
абайды оқыиу

 
 
 
 
 
 
 


57 
Қорытынды 
ХХІ ғасыр – жаһанданған, білім мен ғылымның модернизацияланған 
ғасыры. Білім саласындағы жаңа ағымдар, ақпараттану саласындағы тың 
қозғалыстар, әлемдік білім кеңістігіне енудегі мақсаттар мен міндеттер 
қазіргі білім ордалары мен ұстаздар қауымынан да жаңаша ізденісті, 
шеберлікті талап етуде. 
Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке 
керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін 
мұғалім» [57, 438], – деген болатын. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет – 
ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер 
және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын 
құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін 
қазіргі таңдағы мұғалім зерттеуші, шығармашылық жұмыспен айналысатын 
жаңашыл, үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. 
Оқытудың интерактивті әдістері – оқытушы мен білім алушының 
бірлесе жүзеге асыратын әрекеті. Зерттеу жұмысымызда Абай 
шығармаларын оқытуда интерактивті әдістерді («Буриме», «ПОПС 
формуласы», «Ойлаудың алты қалпағы», «Блум таксономиясы» т.б.) 
қолданып, қызықты интерактивті тапсырмалар ұсындық. Интерактивті 
тапсырмаларды дайындауда «Wordwall», «Quizizz» қосымшаларын 
қолданып, мобильді құрылғы немесе компьютерлер арқылы оқушылармен 
тығыз байланыс жасауға болатынын көрсеттік. Аталған қосымшалар 
мобильді құрылғыларда, компьютерлерде оқушылардың әрқайсысының 
берілген тапсырманы жеке өз бетінше орындауына септігін тигізеді. 
«Wordwall», «Quizizz»
қосымшалары оқушылардан жылдам кері байланысты 
қамтамасыз етеді. Бұл қосымша білім алушыны оқу үдерісіне белсенді 
қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы үдерісті басқаруға рұқсат 
етеді. Оқытудың интерактивті әдістері оқушыларға белсенді білім беруде жиі 
қолданылса, сабақтың сапасын көтерумен қатар оқушылардың білімге деген 
құштарлықтарын да арттыра түсері сөзсіз. 
Зерттеу жұмысымыздың негізгі бөлімі екі тараудан (Абай өлеңдерінің 
білім беру жүйесі мазмұнында қамтылуы, Абай өлеңдерін оқытудың дәстүрлі 
және интерактивті әдістемесі), әр тарау бірнеше тараушадан тұрады. 
Бірінші тараудың «Абай өлеңдерін оқыту әдістемесінің зертттелуі» атты 
тараушасында 
Абай 
шығармашылығын 
оқытуға 
арналған 
абайтанушылардың көптеген еңбектері, тілтанушы ғалымдардың зерттеу 
еңбектері, педагог-ғалымдардың әдістемелік-оқыту құралдары ақын мұрасын 
танып білуге арналған ғылыми еңбектері, ғылыми мақалалары, кандидаттық 
және докторлық диссертациялары, монографиялық зерттеулері жайлы 
мағлұматтар берілді. Абай өлеңдерін оқыту әдістемесінің зерттелуі жазушы 
М.Әуезовтің зерттеулерінен бастап, белгілі әдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева ұсынған 
Абай шығармашылығын жаңаша оқытудың инновациялық технологиясымен 
жалғасын тауып келе жатқанын көрсетіп өттік. Дегенмен, Абай өлеңдерін 
оқыту әдістемесі әлі де зерттеуді қажет ететінін айтып өткенді жөн көрдік. 


58 
Бірінші тараудың «Қазақ тілі оқулықтарында Абай өлеңдерінің берілуі» 
атты екінші тараушасында ақын өлеңдері мен қарасөздерінің қазақ тілі мен 
қазақ әдебиеті оқулықтарында берілуі талданып, сараптама жұмысы жасалды. 
Осы тараушада тілтанушы ретінде мектеп оқулықтарында Абайға қатысты 
контентке мынадай ұсыныстар ұсындық: 
1) 
кез келген оқулықты жазу барысында міндетті түрде оқушының жас 
ерекшелігі ескерілуі қажет; 
2) 5-
сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығына Абай шығармаларын 
енгізу керек; 
3) Абай шығармаларына мәтіналды не кейін түсініктеме берудің 
маңыздылығын ескеру қажет; 
4) «
Абай Құнанбайұлы / Абай Құнанбаев» аты-жөнінің оқулықтарда 
берілуін біріздендіру қажет; 
5) «
қарасөз/ қара сөз» терминінің оқулықтарда берілуін біріздендіру 
керек. 
Екінші тараудың «Абай шығармаларын оқытуда қолданылатын 
тапсырмалар жүйесі» атты тараушасында Абайдың қарасөздерін оқытудың 
бірнеше жолдары көрсетілді. Қарасөздері мен өлеңдерін оқытуда 
тапсырмалар үлгісін жасап, тест тапсырмаларын да ұсындық. Берілген 
тапсырмаларды оқушылар орындау арқылы оқушы Абай өлеңдерін, 
қарасөздерін оқып, талдап қана қоймайды. Сонымен қатар, өлеңнің 
мағынасын, мәнісін түсініп, қарасөздің мағынасына үңіле отырып, ақынның 
айтқысы келген түпкі ойын түсіну арқылы өз түсініктерін қалыптастырады. 
Біз ұсынған тапсырмалардан басқа да тапсырмалар құрастырып ұсынуға 
болады. 
Екінші тараудың «Абай өлеңдерін оқытуда қолданылатын интерактивті 
тапсырмалар» атты екінші тараушасында Абай өлеңдерін оқытуда 
қолданылатын интерактивті әдістер тапсырмалар арқылы беріліп, талдау 
жасалынды. Бұл тараушада әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай 
көтеру үшін озық әдістемелік технологияларды қолдандық. Сонымен қатар 
білім беру үдерісінде Wordwall, Quizizz сияқты интерактивті оқу-әдістемелік 
қосымшаларды қалайша тиімді пайдалануға болатынын көрсеттік. 
Интерактивті тапсырмаларды кез келген мұғалім сабақтың құрылымына 
қарай осы платформаны пайдаланып қызықты тапсырмалар жасай алады. 
Wordwall, Quizizz қосымшаларының әрқайсысына жеке тапсырмалар 
дайындап, қазақ тілі сабағында оңай қолдануға болатыны көрсеттік. Бұл 
қосымшалар оқушыларға өз бетінше тапсырманы орындауға, жауабын табуға 
үйретеді. Аталған қосымшаларды сабақта қолдану білім алушылардың 
талдау жасау, жинақтау, бағалау дағдыларын жетілдіре алады деген 
ұйғарымға келдік.
Қорытындылай келе, интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту 
әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін 
пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау 
арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. 


59 
Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну үдерісіне 
толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі 
қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ 
оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі 
нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен 
оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының 
белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың 
инициативасы үшін жағдай жасаушы болады. Интерактивті оқыту өзара 
түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді. Дегенмен, 
интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, 
бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді. Абай 
шығармаларын оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді таңдап алу оқытуда 
табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша 
арттыруға мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті тапсырмалар 
құрастыратын «Wordwall», «Quizizz» қосымшаларын тиімді пайдалану 
шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Бұл қосымшалар 
Абайдың әдеби мұрасын оқушы бойындағы ойлау, түсіну, сезіну, толғаныс, 
эмоциялық және ақыл-ой сапаларын дамыту құралы ретінде мұғалімнің 
пайдалана алуына да көмек болып табылады. Ол оқушының стандарттық 
әдеби біліміне, білік-дағдыларына негізделе отырып, оқушының талғау, 
қабылдау қабілеттерін, талдау мәдениетін дамытуға бағытталады. Аталған 
қосымшалар мұғалімге оқушының ізденіп, өз оқу әрекетін өзі ұйымдастырып, 
өзі мақсат қойып, өзі орындап, өзі бақылап, өзі түзетіп, өзі бағалауға және 
осы үдерістер барысында өзіндік рефлексияға шығуына бағыттау жолдарын 
көрсетеді. Білім алушылардың білім сапасын арттырады, шығармашылық 
қабілетін дамытады, белгілі бір жетістіктерге жетелейді, өз бетінше жұмыс 
жасай білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет