Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
абайды оқыиу

қосымшасы. «Quizizz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «викторина» деген 
мағынаны білдіретін мобильді қосымша. 
 
 
 
 
 
 
 
2-
сурет. «Quizizz» қосымшасы. 
Аталған қосымша ағылшын тілінде жұмыс жасайды. Тінтуірдің оң жақ 
батырмасын басу арқылы ағылшын тілді қосымшаны автоматты түрде орыс 
тіліне аударуға болады. Тапсырма дайындау барысында Quizizz 
қосымшасында қазақ тілін таңдап, қазақ тілді тапсырма құруға мүмкіндік бар. 
Ахмет Байтұрсынұлы 1928 жылы жарияланған «Қай әдіс жақсы?» деп 
аталатын мақаласында: «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы, 
жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», – деп [57, 357] 
білім беру әдісінің жұмсалатын орнымен байланысын баса айтқан. Осыдан 
бір ғасырға жуық уақыт бұрын оқушыға білімді меңгерту жолында қандай 
әдісті қалай қолдану керектігі туралы сөз қозғаған ғұламаның еңбегі бүгінгі 
таңда жаңа ғылым салаларымен астасып, оқыту жүйесінде жаңа қырынан 
танылуда. Кез келген мұғалім сабақтың ыңғайлы, қызықты болуы үшін 
қолданылатын интерактивті әдістің бірі Quizizz қосымшасы арқылы 
жасалады. Бұл қосымшаны тақырыптты, бөлімді, тарауды қорытындылауда 
аз уақыт ішінде оқушылардың білімін тексеруде қолданған өте тиімді. 
Quizizz қосымшасы арқылы мұғалім компьютерде тест тапсырмасын немесе 
викторина құрастырады [58, 38]. Ал оқушылар дайындалған тапсырмаларға 
өзінің ұялы телефоны арқылы жауап бере алады. Ұпайлар дұрыс жауап 
берген жағдайда ғана беріледі. Оқушылар викторинаға немесе тест 
тапсырмаларына мұғалім ұсынған сілтеме арқылы өтіп, қосымшаға 
тағайындалған кодты енгізу арқылы қосыла алады. Quizizz қосымшасы 
арқылы дайындалған тапсырмаларды үй тапсырмасы ретінде ұсынуға болады. 
Барлық оқушылар бірдей тапсырма алады, бірақ олардың әрқайсысы ұялы 
телефондарында сұрақтардың кездейсоқ тізбегін көреді. Тапсырмаларға 
белгіленген уақыт аралығында жауап береді. Мәселен, бір сұраққа 30 секунд 
беріледі. Берілген тапсырманың күрделілігіне қарай мөлшерленген уақыт 
ұзарып отырады. Мұғалім әр оқушының жұмысын қадағалап, сыныптағы 
оқушылардың толық жұмысын компьютер экранынан көреді. Сонымен қатар 
алынған мәліметтерді Excel кестесіне экспорттай алады. Қажет болса
мұғалім өз тесттерін ғана емес, сонымен қатар Quizizz кітапханасынан дайын 


52 
викториналарды қолдануға (викториналарды пайдалану «Public» (қоғамдық) 
бөлімінде қол жетімді) болады.
Quizizz қосымшасының көмегімен тесттер мен викториналарды құру 
оңай және жылдам. Мұнда сұрақтардың көлеміне ешқандай шектеулер жоқ, 
әрбір сұрақта бірнеше жауап болуына мүмкіндік береді. Сұрақтардың 
мынадай түрлері кездеседі: үлкен таңдау, жалауша, бланк толтыру
сауалнама, нақтылауды қажет ететін, еркін жауап. 6-сыныпта Абайдың «Мен 
жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін 
оқытуда Quizizz қосымшасын қолданып, қазақ тілі сабағында мынадай 
тапсырмалар беруге болады: 
1. 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін» деген өлең жолдарынан жіктеу 
есімдігін көрсет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет