Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бал. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек



Pdf көрінісі
бет27/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

43-бал. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек


1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде 
көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызмет көрсету кешенін:
1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын және оларды емдеуді, сондай-ақ 
жарақаттануды, улануды және басқа да шұғыл жағдайларды;
2) жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық, індетке қарсы іс-шараларды;
3) халықты гигиеналық оқыту, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау;
4) халыққа сумен қауіпсіз жабдықтау және тиімді тамақтану жөніндегі түсіндіру 
жұмыстарын қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті 
медициналық көмек.
2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті мынадай мамандар: учаскелік 
терапевтер, педиатрлар, акушерлер, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, 
мейірбикелер көрсетеді.
3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі 
медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарға тұрғылықты және 
(немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету 
мақсатында аумақтық принцип бойынша жүргізіледі.
4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету түрлерін. көлемін, тәртібін, 
сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық- санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік 
басқару органдары жүзеге асырады.
44-бап. Консультативтік-диагностикалық көмек
1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылаусыз 
мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет