Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бөлім. Медициналық және фармацевтикалық қызмет



Pdf көрінісі
бет25/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

3-бөлім. Медициналық және фармацевтикалық қызмет
9-тарау. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің мазмұны
мен түрлері
35-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің мазмұны
Медициналық және фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық 
немесе фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау 
саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.
36-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің түрлері
1. Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері жүзеге 
асырылады:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологоанатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
2. Фармацевтикалық қызмет дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы өндірумен, дайындаумен, өткізумен, бөлумен, пайдаланумен және 
жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты 
қызметті қамтиды.
10-тарау. Медициналық көмек
37-бап. Медициналық көмектің түрлері
Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.
38-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - профилактика мақсатында, сондай-ақ 
диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды 
талап етпейтін аурулар кезінде медициналық орта білімі бар медицина қызметкерлері 
көрсететін көмек.
Төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті парамедиктер - 


медициналық білімі жоқ, тиісті даярлығы бар адамдар көрсетуі мүмкін.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет