Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-тарау. Медициналық қызметтің өзге де түрлері



Pdf көрінісі
бет30/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

11-тарау. Медициналық қызметтің өзге де түрлері
52-бап. Зертханалық диагностика
1. Зертханалық диагностика - ауру диагнозын пациенттен алынған биоматериалдарды 
зертханалық зерттеу жолымен белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету 
кешені.
2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және 
(немесе) денсаулық сақтау ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің қызмет тәртібін, сондай-ақ 
олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган айқындайды.
53-бап. Патологоанатомиялық диагностика
1. Патологоанатомиялық диагностика патологоанатомиялық ашып қарау барысында 
мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ аурудың хирургиялық операция және (немесе) 
биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі) және тіндеріндегі 
өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі және тікелей 
қарап тексеру (макроскопиялық зерттеулер). үлкейткіш аспаптар пайдалану арқылы 
зерттеулер (микроскопиялық зерттеулер), өзге де технологиялар пайдалану арқылы 
зерттеулер нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық анатомиялық салыстыруларға негізделеді.
2. Патологоанатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және ауру диагнозын 
нақтылау мақсатында жүргізіледі.
2. Ана және/немесе сәби өлімі жағдайларын, сондай-ақ ерекше қауіпті 
жұқтырғыштардан қайтыс болуды қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік 
болмаған және қайтыс болғанның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды 
өкілдерінің жазбаша өтініші не қайтыс болғанның тірі кезінде айтылған ырық білдіруі 
болған кезде, мәйітті патологоанатомиялық ашып қарау жүргізілмей, денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда өлімнің болу фактін куәландыратын құжат 
бере отырып, беруге рұқсат етіледі.
Қайтыс болғанның туыстарының немесе заңды өкілдерінің талап етуі бойынша 
патологоанатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.
3. Патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының 
және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің қызмет тәртібін, 
сондай-ақ патологоанатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет