Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Ақылы медициналық көмек алу негіздері мен тәртібі



Pdf көрінісі
бет24/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

34-бап. Ақылы медициналық көмек алу негіздері мен тәртібі
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуді мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау 
ұйымдары, аурудың түрі мен медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияға сәйкес 
келгенде жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.
Ақылы медициналық қызметтер көрсету:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы
медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау
ұйымдарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдік қызметтер
көрсету;
2) негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттар тізіміне енгізілмеген дәрілік 
заттармен емдеу:
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі тізбесіне кірмейтін медициналық 
зерттеулер жүргізу;
4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілді 
көлемінен артық медициналық көмек көрсету;
5) тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеу;
6) медициналық көрсетпесіз медициналық-генетикалық зерттеулер;
7) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық қарап тексеру;
8) ұйымдармен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша 
медициналық көмек көрсету;
9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін медициналық 
стандарттардан артық қосымша сервистік қызметтер ұсыну кезінде беріледі.
3. Ақылы медициналық қызметтер көрсету пациент пен осы көрсетілетін қызметті 
ұсынатын денсаулық сақтау субъектісі арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:
медициналық көмектің түрлері мен келемін;
медициналық көмек көрсету мерзімін;
3) медициналық және медициналық емес көрсетілетін қызмет тарифтерін және оларды 
төлеу тәртібін;
4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
5) шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату 
тәртібін;
6) тараптардың шарт міндеттемелерін тиісінше орындамау үшін материалдық 
жауапкершілік белгілеуін қамтуға тиіс.
4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік 
және жекеше денсаулық сақтау ұйымдарындағы және жекеше медициналық практикамен 
айналысатын жеке адамдардағы көрнекі ақпарат арқылы азаматтардың назарына жеткізіледі.
5. Ақылы қызметтер көрсетудің бағалары медициналық, сервистік қызметтерді 
көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере 
отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және ол жарты жылда бір 
реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтер көрсетудің бағасы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі үшін 
бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен 
белгіленбейді.
6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кездегі есепке алу-есептілік медициналық 
құжаттамасын жүргізу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан 
бойынша жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап ақылы медициналық 
қызметтер көрсетудің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының 


заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің шарттары мен тәртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет