2. Халық медицинасы (емшілік) - емшілік құралдар, тәсілдер мен дағдылар туралы
эмпирикалық мәліметтерді және оларды практикада қолдануды қамтиды.
Жеке тұлғалардың халық медицинасы (емшілік) әдістерін қолдануы денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау
ұйымдары берген сертификат
негізінде жүзеге асырылады. Осы сертификатты алған
жеке тұлғалар Қазақстан
Республикасының емшілер тізіліміне енгізуге жатады. Сертификаттың және Қазақстан
Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін денсаулық
сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана
отырып өткізуге тыйым салынады. Халық медицинасымен (емшілікпен) заңсыз түрде
шұғылданатын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: