17-тарау. Психикалық науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету 93-бап. Психиатриялық жәрдем алудың еріктілігі 1. Психиатриялық жәрдем психиканың бұзылуының алдын алуды, азаматтардың психикалық
денсаулығын тексеруді, психикалық бұзылудың диагностикасын, психикасының бұзылуынан
зардап шегуші адамдарды емдеу, оларға күтім көрсету мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды
қамтиды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық жәрдем адам ерікті
түрде өтініш жасаған немесе оның жазбаша келісімі болған жағдайда көрсетіледі.
3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке
қабілетсіз деп танылған адамға психиатриялық жәрдем осы Кодексте көзделген тәртіппен
олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.
94-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу 1. Азамат психикасының бұзылуы салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру
құқығымен кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты
жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе)
аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған медициналық психиатриялық ұйымда
құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі негізінде жүргізіледі. Азамат мұндай шешіммен
келіспеген жағдайда ол жөнінде сотқа шағымдануына болады.
2. Кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты
жұмысты атқаруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді және ол кемінде бес жылда бір рет жинақталған тәжірибе
мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.
95-бап. Психиатрия жәрдем көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 1. Азамат өзіне психиатриялық жәрдем көрсетілген кезде өзінің
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз қалауымен өкілін
таңдауға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының
қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген
тәртіппен жүргізіледі.
2. Кәмелетке толмаған және белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп
танылған адамның психиатриялық жәрдем көрсетілген кездегі құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
3. Азаматқа психиатриялық жәрдем көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Адвокатты шақыру және оның
қызметіне ақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеді.
Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 73- бабының 3-
тармағының екінші бөлігінде және 99-бабының 5-тармағындағы көзделген жағдайларды
қоспағанда, басқа жағдайларда адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.