Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Психиканың бұзылуымен ауыратындарға динамикалық



Pdf көрінісі
бет53/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

100-бап. Психиканың бұзылуымен ауыратындарға динамикалық
бақылау
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан зардап 
шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан, динамикалық бақылау 
белгіленуі мүмкін және ол психиатр дәрігердің тұрақты тексеріп тұруы арқылы оның 
психикалық денсаулық жай-күйін бақылауды, оған қажетті медициналық және әлеуметтік 
жәрдем көрсетуді көздейді.
2. Динамикалық бақылау психикасының бұзылуы тұрақты және созылмалы болып, ауыр, 
өзгермейтін сипат алған, көбіне асқынған ауру көріністеріне ұштасатын адамға белгіленуі 
мүмкін.
3. Динамикалық бақылауды белгілеу қажет екені туралы және оны тоқтату туралы 
мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық жәрдем көрсететін психиатриялық ұйымның 
әкімшілігі тағайындайтын психиатр дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы 
тағайындайтын психиатр дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер 
болуы тиіс.
4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының негізделген шешімі медициналық құжаттамаға 
жазылып ресімделеді. Динамикалық бақылауды белгілеу немесе тоқтату туралы шешімге осы 
Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-
күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған жағдайда бұрын белгіленген динамикалық бақылау 
тоқтатылады. Динамикалық бақылау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші немесе 
келісімі бойынша, не оның заңды өкілінің өтініші немесе келісімі бойынша психиатриялық 
жәрдем консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан зардап 
шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 99-бабында көзделген 
негіздер мен тәртіп бойынша өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз 
куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр дәрігерлер комиссиясының шешімі 
бойынша динамикалық бақылау қайта жалғастырылуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет