адамдарға қатысты - сот алдында оны іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға
негіз болмауы жөніндегі мәліметтер де болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаншы және қамқоршы органдар
психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін
шаралар қолдануға міндетті.
3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға
жіберу үшін адам психикасының бұзылуы негіз болады. Ол ата-анасының не оның заңды
өкілінің арызы және республикалық, облыстық немесе қалалық
психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке
толмаған адамды ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектептер жағдайында оқыту
қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
4. Психиатр дәрігердің, психологиялық-медициналық- педагогикалық консультацияның
қатысуымен дәрігерлер комиссиясы мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не
оқуға медициналық айғақтар болмауы туралы берілген қорытынды психикасының бұзылуынан
зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы
оқытатын мектептен жалпы
үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болады.
5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
1) психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өз арызы бойынша, психиатр
дәрігердің қатысуымен дәрігерлер комиссиясының денсаулығы жай-күйі бойынша бұл адамның
жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
2) шығарылатын кәмелетке толмағанды не заңда белгіленген тәртіп бойынша іс-
әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды күтіп-бағуды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-
анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің арызы бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: