психиатриялық стационарға оның заңды өкілінің өтініші немесе
жазбаша келісімі бойынша
орналастырылады.
6. Заңды өкілі қарсы болған немесе өзге заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке
толмаған адамды психиатриялық стационарға орналастыру қорғаншы және
қамқоршы органның
шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол жөнінде сотқа шағым жасалуы мүмкін.
7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазылып
ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр дәрігер қол қояды.
8. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға салу
жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.
9. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде орналастырылған адамды алғашқы алты ай
ішінде оның ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық
ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы кемінде айына бір рет куәландырып отыруға тиіс.
Ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
психиатр дәрігерлер
комиссиясының жүгінуі негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
10. Ауруханаға еріксіз түрде орналастырылған адамды кезектен тыс куәландыру
пациенттің өзінің
немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың тілегі бойынша жүргізілуі
мүмкін.
Осы кодекстің 70-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық
стационарға орналастырылған адамды ол жатқызылған сәтінен бастап 48
сағат ішінде
жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық
ұйымның психиатр дәрігерлер
комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс. Жатқызу негізді деп танылған және
жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген
жағдайда ол дереу шығарылуы
тиіс.
11. Еріксіз түрде психиатриялық стационарға орналастырылуына келісім бермеген,
психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: