Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Заңды өкілдерінің өтініші немесе келісімі бойынша



Pdf көрінісі
бет55/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

102-бап. Заңды өкілдерінің өтініші немесе келісімі бойынша
психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке
толмағандарды және іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған
адамдарды куәландыру
1. Заңды өкілдерінің өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша психиатриялық 
стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды және заңда белгіленген тәртіппен 
іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды осы Кодекстің 99-бабымен көзделген тәртіппен 
психиатриялық ұйымның психиатр дәрігерлер комиссиясы міндетті түрде куәландыруға тиіс.
2. Бұл адамдарды ауруханада болу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы 
алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр дәрігерлер комиссиясы куәландырады, 
ауруханада болу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы мәселені шешу Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр 
дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
3. Психиатр дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі 
кәмелетке толмаған адамның немесе заңмен белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке 
қабілетсіз деп танылған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға орналастыру кезінде 
қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі 
бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы 
органға хабарлайды.
103-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету шаралары


1. Стационарлық психиатриялық жәрдемді, ауруханаға орналастырылған адам мен басқа 
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мейлінше аз шектеулі жағдайларда, медициналық 
персонал оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады.
2. Ауруханаға еріксіз орналастырылып, психиатриялық стационарда болған кезінде 
ауруханаға орналастырылған адамға күш қолданып, қысым жасау мен оқшаулау шаралары оның 
өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін, психиатр дәрігердің 
пікірінше, өзге әдістермен тыю мүмкін болмаған кезде қолданылады және медициналық 
персоналдың тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе 
оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба 
жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.
3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауруханаға еріксіз орналастырылған 
адамды еріксіз куәландыруды жүзеге асырған кезде медицина қызметкерлеріне көмектесуге, 
ауруханаға орналастырылатын адамды тексеру мақсатымен оның қасына бару үшін, сондай-ак 
ауруханаға орналастырылған, ауруханаға орналастырылуға тиіс адам (орналастырылуға тиіс 
адамдар) тарапынан айналадағыларының өмірі мен денсаулығына катер төндірілетін 
жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет