жарамсыз деп танылады және олардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
бойынша жәрдемақы
немесе жалпы негіздер бойынша зейнетақы алуға құқылы. Мемлекеттік әлеуметтік және
арнаулы жәрдемақылар, пациенттердің ақшалай қаражатын есепке алуды жүргізу жөніндегі
операцияларды жүзеге асыру ушін мемлекеттік психиатриялық мекемелерде
олар алғашқы талап
бойынша немесе әлде бір мерзімде,
толық немесе ішінара, алдын ала келісілген үстемемен
не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлғаларға не тиісті республикалық немесе жергілікті
бюджеттерге не үшінші тұлғалардың пайдасына қайтарылуы тиістігіне қарамастан номиналды
түрде олардың қайтарылуы шартымен мемлекеттік мекемеге жеке
немесе заңды тұлға беретін
ақша бойынша қолма-қол ақшаның бақылаушы шоттары ашылады.
4. Психиатриялық стационарға орналастырылған пациентке оның құқықтары мен
стационарда белгіленген ережелер оның өзі білетін тілде түсіндірілуге тиіс, бұл туралы
медициналық
құжаттамаға жазба жасалып, кейіннен заңды өкіліне хабарланады.
5. Психиатриялық стационарда емделіп немесе тексеріліп жатқан пациенттердің
барлығы:
емделу, тексерілу, психиатриялық стационардан шығу және осы Кодекспен берілген
құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша тікелей бас дәрігерге немесе бөлімше
меңгерушісіне өтініш жасауға, мемлекеттік органдар мен адвокатқа шағымдар және арыздар
беруге, адвокатпен және діни
қызметшімен оңаша кездесуге, діни салттарды орындауға, діни
қағидаларды
сақтауға;
газеттер мен журналдарды жаздырып алуға;
егер пациент 18 жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе ақыл-
ойы кем балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес басқа азаматтармен бірдей сыйақы алуға;
хат-хабар алысуға;
сәлемдеме, бандероль, ақша аударымдарын алуға және жіберуге;
телефонды пайдалануға;
келушілерді қабылдауға;
ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарын жеке жаздырып алу, байланыс қызметін пайдалану
олар берілетін пациенттің есебінен немесе қайырымдылық түсімдер есесінен жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: