1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау: нормативтік құқықтық
актілердің
негіздемесі бойынша бірыңғай
талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді (қайта әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен
жариялауды;
нормативтік құқықтық актілерді зерделеуді, қолдану практикасын қорытындылауды,
қолданылуын бақылауды;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің бірыңғай деректер банкін түзу мен жүргізуді;
санитарлық-эпидемиологиялық нормалау мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға
бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитарлық
ережелер,
гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар,
әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік
нұсқамалар,
әдістемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып
табылады.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу
мен бекіту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Санитарлық ережелер - оларды сақтамау адамның өмірі немесе денсаулығына қауіп
төндіретін, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қатер төндіретін санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарды (оның ішінде тіршілік
ету факторларының, кәсіпкерлік және
өзге
де қызметтің, өнімдер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін
қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығының өлшемдері) белгілейтін халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
5. Гигиеналық норматив - адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы
тұрғысынан алғанда, зерттеулерде белгіленген белгілі бір тіршілік ету
ортасын
сипаттайтын көрсеткіштің жол берілетін ең жоғары немесе ең төменгі сапалық және (немесе)
сапалық шамасы.
6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық
жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті.
7. Мемлекеттік органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
мәселелеріне қатысты өздерінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен бекіту кезінде
оларды халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік
органмен келісуге міндетті.
8. Нормативтік-техникалық сипаттағы санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер
мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: