реттеу 114-бап. Хирургиялық араласу, қан құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі 1. Хирургиялық араласу, қан құю, диагностиканың инвазиялық әдістері науқастардың
жазбаша келісімімен қолданылады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, психикасы бұзылудан (аурулардан) зардап
шегетін науқастарға, он сегіз жасқа толмаған адамдарға хирургиялық араласу, қан құю,
диагностиканың инвазиялық әдістері олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен
жасалады.
2. Медицина қызметкерлері тіршілік сақтау айғақтары бойынша хирургиялық араласуға
кірісіп кеткен және оны тоқтату осы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне
байланысты мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, келісім кері қайтарып алынуы мүмкін.
3. Хирургиялық араласуды, қанды және оның препараттарын құюды, диагностиканың
инвазиялық әдістерін қолдануды кідірту науқастың өміріне қауіп төндіретін, ал науқастың
немесе оның заңды өкілдерінің келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда, дәрігер немесе
консилиум науқасты немесе оның заңды өкілдерін қолданылған шаралар туралы кейіннен
хабардар ете отырып, шешім қабылдайды.
115-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беріп тұрған аппаратураны тоқтатудың жағдайлары 1. Биологиялық өлімді медициналық қызметкер мынадай белгілердің жиынтығы негізінде
растайды:
1) жүрек қызметінің тоқтауы;
2) тыныс алудың тоқтауы;
3) орталық жүйке жүйесі жұмысының тоқтауы.
2. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шаралар тек қана:
1) биологиялық елім расталған;
2) маман дәрігерлердің консилиумы бас миының біржола семуін тіркеген кезде, жақын
туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің бірауызды жазбаша келісімі болған кезде
тоқтатылуы мүмкін.
116-бап. Эвтаназия Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.