Қызметін өткеріп жатқан жерде немесе тұрғылықты жерінде олар болмаса немесе
ведомстволық медициналық
ұйымдарда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы
жабдықтар
болмаса, медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде
медициналық ұйымдарда көрсетіледі.
112-бап. Иондаушы сәуленің әсеріне ұшыраған азаматтарға
медициналық көмек көрсету
1. Иондаушы сәуленің әсеріне ұшыраған азаматтарға медициналық көмекті Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес алады.
2. Иондаушы сәуленің әсеріне ұшыраған азаматтардан қан мен тін алу, оларды сақтау
және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
113-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық
көмек көрсету
Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан
айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге
орналастырылған азаматтарға
медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және
ішкі істер, әділет
органдары қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс уәкілетті органдары
белгілейтін тәртіппен көрсетіледі.
20-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды
Достарыңызбен бөлісу: