124-бап. Жұқпалы аурулар эпидемиясы пайда болу қаупі төнген
жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің
шарттары
1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі болған жағдайда
осы Кодекске сәйкес уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы
арқылы өткізу пункттерінде және тиісті
аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде
кәсіпкерліктің және (немесе) өзге шаруашылық қызметтің және
халық тіршілігінің айрықша
жағдайларымен карантин енгізеді.
2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда орталық және
жергілікті
атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру
жөніндегі жедел басшылық жасау індетке қарсы республикалық
және аумақтық төтенше
комиссияларға жүктеледі.
3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жекелеген объектілерде тиісті аумақтың
(көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-
ақ ведомстволық объектілерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
бөлімшелері басшыларының
шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
4. Шектеу іс-шараларын, соның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда
болуы мен таралу қаупі болған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин
енгізілетін жұқпалы аурулар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: