8) халықтың арнаулы, емдік-профилактикалық, балалар тағамын, диеталық және
қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
9) химиялық заттарды, биологиялық және дәрі-дәрмек заттары мен материалдарын
қолдануға;
10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарында) шаруашылық-ауыз
сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына;
11) қалалық және селолық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы
атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үйдің және басқа да үй-жайлардың ауасына;
12) топырақ пен оның қауіпсіздігіне, қалалық және селолық елді мекендердің,
өнеркәсіп алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;
13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға,
тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету арнайы және емдеу-
профилактикалық
тамақтану жағдайларына;
15) биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және
олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына;
16) адамға әсер етудің физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;
17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту және өндірістік практика
жағдайларына;
18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;
19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа
түрлеріне, технологиялық
жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік
шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына,
ион сәулелерінің көздеріне,
ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрі-дәрмек заттарына, орайтын және полимерлік
материалдарға, парфюмерлік-косметикалық, полиграфиялық өнім мен кеңінен тұтынылатын
басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға (стандарттарға,
техникалық
шарттарға, рецептілерге);
21) дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық құралдарды, жабдықтарды,
материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, сатуды,
қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін ұстау мен пайдалануды қамтитын жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау;
22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу
шарттарына;
23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;
24) тамақ өнімдерін йод, темір мен микроэлементтер қосылыстарымен байытатын тұзды
йодтауға;
25) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдану мен пайдалануға
және олардың жол
берілетін шекті шоғырлануына;
26) оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды жүзеге асыру
жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, шектеу іс-шараларын
енгізу, оның ішінде жұқпалы және паразитарлық аурулармен науқастарға қатысты карантиндік
іс-шараларды енгізу, медициналық қарауды жүргізу, халықты профилактикалық егу жөніндегі
іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
27) шикізатты сақтау және қайта өңдеуге;
28) объектілерді кәріздеуге, жарықтандыруға, вентиляциялауға және сумен қамтамасыз
етуге:
29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтауға;
30) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарына;