Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы



Pdf көрінісі
бет69/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

132-бап. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы
1. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы (алкогоь, есірткілер, 
психотроптық заттар, психостимуляторлар, галлюциногендер, ұшпалы ерітінділер, темекі) 
мыналарды қамтиды:
1) психоактивті заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ оларды қолданудың 
медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттау;
2) психоактивті заттар айналымы саласындағы жарнамаға тыйым салу, психоактивті 
заттарды әзірлеу тәсілдері, әдістері мен пайдалануды, психоактивті заттарды сатып алу 
орындарында насихаттауға тыйым салу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда 
құрамында есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар 
жарнамасын шектеу;
3) психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық және мінез-құқықтық 
ауытқуы бар қатер топтарындағы адамдарды профилактикалық бақылау және есепке алу;
4) тәуелділіктен зардап шегуші адамдарды ерікті түрде жасырын емдеу;
5) нашақорларды ерікті түрде медициналық-санитарлық оңалту.
2. Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке, сондай-ақ 
заңды тұлғалар олардың құқықтары шегінде жүзеге асырады.
133-бап. Темекі тартудың профилактикасы және оны шегуді шектеу
1. Темекі тартудың профилактикасы және оны шегуді шектеу
халықтың денсаулығын сақтауға, темекі бұйымдарын сатып алуға құқылы
адамдарға жас мөлшерін шектеу, кәмелетке толмағандар арасында темекі
шегуді болдырмау, темекі тартудың зиянды зардаптары, темекі тартудан
туындаған аурушаңдық пен өлімділік туралы ақпаратты тарату, темекі
тартуға денсаулық пен өмірге қатердің артуы факторына халықтың


көзқарасын қалыптастыру, темекі тарту таралуының алдын алу жөнінде
келіскен іс-шаралар жүргізу.
2. Халықтың денсаулығын сақтау мақсатында темекі бұйымдарының жарнамасы жарнама 
туралы заңнамада көзделген шектеулермен жүзеге асырылады.
3. Мынадай жағдайларда:
1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға;
2) ашық қораптан немесе бір данадан сатуға;
3) сатушысыз, сауда автоматтары, өзге де электронды немесе механикалық құрылғылар 
арқылы;
4) денсаулық сақтау, білім беру, физкультуралық-сауықтыру ұйымдарының 
ғимараттарында, спорт және спорт-техникалық ғимараттарда, стадиондарда сатуға;
5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;
6) акциздік маркамен немесе есептік-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;
7) егер темекі қорабында жиырма сигареттен аз болса;
8) қорапқа құрамында шайырлы заттар мен никотиннің деңгейі туралы деректер 
енгізілмесе;
9) қорапқа темекі тартудың зияны туралы ескерту енгізілмесе, темекі бұйымдарын 
сатуға тыйым салынады.
4. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда, кассалық аппаратта немесе 
олардың жанында көрнекі орында мынадай мазмұндағы жазба: "Он сегіз жасқа дейінгі 
адамдарға темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады.", сондай-ақ денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган бекіткен темекінің зияны туралы ескерту болуы тиіс.
5. Олардың түрі он сегізден жас болып көрінетін азаматтарға темекі сату кезінде 
темекі бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын адамдар:
1) сатып алушының жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты 
ұсынуын талап етуге;
2) егер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбаса темекі бұйымдарын сатудан бас 
тартуға міндетті.
6. Мынадай жерлерде:
1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандар дем алатын ұйымдарда;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) қоғамдық тамақтандыру пункттерінде;
4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, байқау және көрме залдарында, 
спорт ареналарында және жаппай демалысқа арналған басқа да жабық ғимараттарда;
5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
6) жергілікті және алыс қатынастағы поездардағы әуе, теңіз және өзен көлігі 
кемелеріндегі, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустарда, маршруттық таксилерде және 
қалалық электр көлігіндегі белгіленбеген орындарда;
7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда темекі тартуға тыйым салынады.
7. Егер темекі тарту үшін арнайы жабдықталған орындар болса, осы баптың 6-
тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында белгіленген нормалар қолданылмайды.
8. Жұмыс берушілер темекі тарту үшін арнайы жабдықталған орындар бөлуге, осы 
мақсатқа арналмаған туалеттік бөлмелер мен үй-жайларда темекі тартуға тыйым салады.
9. Темекі тартуға арнайы бөлінген орындар тиісті санитарлық ережелерге сәйкес 
жабдықталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет