2. Өтініш беруші осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтердің шынайылығы үшін
жауап береді.
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тіндер және (немесе) мен органдар
(органдар бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру
мәселелері жөніндегі комиссияны құрады.
4. Комиссия өтініш берушінің өтінішін 7 күн ішінде қарайды. Осы баптың 1-
тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші түгел бермеген жағдайда
құжаттар өтініш
берушіге еш қараусыз 3 күн ішінде қайтарылады.
5. Комиссияның оң қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның
бұйрығы түрінде ресімделеді. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда денсаулық
сақтау саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге дәлелді бас тартуды жібереді.
6. Әкелуге және әкетуге арналған тіндер және (немесе) мен органдар (органдар
бөліктерін), қан мен оның компоненттерін биологиялық қауіпсіздікке зерттеу,
оларды
консервациялау мен тасымалдау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган
айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: