Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улану



Pdf көрінісі
бет66/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

125-бап. Жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улану
оқиғаларын тіркеу және тексеру
1. Жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың 
анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тіркеуге алуға, Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары 
мемлекеттік есепке алу мен есептілік жүргізуге тиіс. Аталған аурулар мен улану 
оқиғаларының мемлекеттік есебін жүргізу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есеп беруді 
жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен санитарлық-
эпидемиологиялық қызметтің мамандары жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулардың және 
адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргізуге тиіс.
126-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық
іс-шаралар
1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуының,
таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер, жеке және заңды
тұлғалар өз қаражаты есебінен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен
Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қызметі лауазымды адамдарының ұйғарымдары, қаулылары бойынша өз
қаражаты есебінен жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын
жоюға (дезинфекциялық), жәндіктерді, басқа буын аяқтыларды жоюға
(дезинсекциялық) және кеміргіштерді жоюға (дератизациялық)
бағытталған іс-шаралар жүргізуге міндетті.
2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы


органдарының шешімімен бюджет қаражаты есебінен кезектен тыс
міндетті дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық іс-
шаралар жүргізіледі.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
санитарлық-эпидемиологиялық қызметі ұйымдары жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет