Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары және донорлық, қанды, оның



Pdf көрінісі
бет72/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

137-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары және донорлық, қанды, оның
компоненттері мен препараттарды дайындау саласындағы қызметті
жүзеге асыратын ұйымдар
1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті 
лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
3. Қан мен оның компоненттерін және препараттарды дайындау саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
4. Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын құюды (реципиент ағзасына 
енгізу) жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары реципиенттің денсаулығы үшін Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен 
жауаптылықта болады.
5. Қан құю қызметі саласындағы ұйымдар шығаратын қан мен оның компоненттері, қан 
препараттары, консервациялау құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен міндетті бақылауға жатады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше 
немесе соғыс жағдайы жарияланған кезде донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 
төтенше немесе соғыс жағдайы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
138-бап. Донорлық қанның, оның компоненттерінің қауіпсіздігі
мен сапасын қамтамасыз ету
1. Қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі карантиндеу, вирусинактивация, 
радиациялық сәуле және Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген басқа да 
әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қан мен оның компоненттері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 
белгілейтін тәртіппен сапасы бақылануға жатады.
3. Донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарды тиісінше таңбаланғанға дейін 
пайдалануға немесе өткізуге тыйым салынады.
4. Қанды, оның компоненттерін, препараттарды құюды жүзеге асыратын ұйымдар мен 
медициналық қызметкерлер оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың сақталуын 
қамтамасыз етуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет