Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау



Pdf көрінісі
бет67/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

22-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау
127-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері
1. Профилактиканың мақсаты аурулардың туындауы немесе өршуінің, сондай-ақ олардың 
зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.
2. Профилактика бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді.
Бастапқы профилактика (жаппай және жеке) аурулардың туындауының алдын алу 
мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Қайталама профилактика аурулардың алдыңғы кезеңдерде өршуінің және олардың 
салдарларының алдын алуға бағытталған.
Жалғаспалы профилактика өршіген асқынуды, органдар мен тіндердің зақымдануын 
бақылауға бағытталған.
128-бап. Салауатты өмір салтын насихаттау
Салауатты өмір салтын насихаттау салауатты өмір салтын қалыптастыруды, ақпараттық 
қамтамасыз ету жолымен ұтымды тамақтану және аурулардың профилактикасын, тұрмыс салтымен 
байланысты денсаулық сақтау әрі аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты гигиеналық 
оқыту және тәрбиелеуді қамтиды.
Салауатты өмір салтын насихаттауды денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да 
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық 
бірлестіктердің қатысуымен қамтамасыз етеді.
129-бап. Медициналық қарау
1. Медициналық қарауды өткізудің басты мақсаты денсаулықты қалыптастыруға әрі 
нығайтуға, аурулардың алдын алуға, анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде 
кәсіби аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған уақтылы 
медициналық тексерулерді жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қандай да бір ұйымдар 
қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге 
асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып 
табылады.
2. Медициналық қарау міндетті және профилактикалық болып табылады.
3. Міндетті медициналық қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.
Міндетті алдын ала медициналық қараулар кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін 
орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік, аурулардың алдын алу және 
жұқпалы әрі паразитарлық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында жұмысқа кіру немесе 
оқуға түсу кезінде жүргізіледі.
Мерзімдік міндетті медициналық қараулар жұмыс істеушілер денсаулығы жай-күйін 
динамикалық бақылауды, аурулардың бастапқы нышандарын уақтылы анықтау, жалпы, кәсіби 
аурулардың алдын алу және жұқпалы әрі паразитарлық аурулардың таралуының алдын алу 
мақсатында жүргізіледі.
Міндетті медициналық қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, 


кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарауларды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
осы қараулардан өтуге тиіс қызметкерлердің мерзімдік міндетті медициналық қараулардан 
уақтылы өтуін қамтамасыз етеді.
4. Профилактикалық медициналық қараулар жаппай және іріктелген болып бөлінеді.
Жаппай медициналық қараулар ауруларды ертерек анықтау және аурулардың өршуінің, 
олардың туындауына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын 
қалыптастыру әрі нығайту мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай әдіспен 
жүргізіледі.
Іріктеп медициналық қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына 
жататын азаматтардың ауруларын емдеу әрі оларды қалыпқа келтіру жөніндегі іс-шаралар 
кешенін жүзеге асыратын динамикалық бақылау мақсатында жүргізіледі.
Профилактикалық медициналық қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-
ақ осы қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық орындылығы туралы дәлелденген 
ғылыми деректер негізінде белгілейді.
Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тегін медициналық 
көмектің кепілді көлемінің тізбесіне сәйкес осы қараудан өтуге тиіс адамдардың 
профилактикалық медициналық қараудан өтуі үшін жағдай жасайды.
Өндірістік және шаруашылық қызметтегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар алдын 
ала немесе мерзімдік медициналық қараулардан өтпеген немесе денсаулығының жай-күйі 
бойынша жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермейді.
5. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізудің тәртібін 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
6. Міндетті және профилактикалық медициналық қараудың уақтылы өткізілуі мен 
олардан етуді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық 
қызмет көрсету саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек 
жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инспекторлары бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет