Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың



Pdf көрінісі
бет7/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
денсаулық сақтау саласындағы құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді 
органдары:
1) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды бекітеді және олардың 
орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін 
әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен 
әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындалды;
3) тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін 
бекітеді, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстар үлесін 
айқындайды;
4) азаматтарға бюджет қаражаты есебінен емделу үшін елді мекен шегінен тысқары 
жерлерге тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша азаматтардың 
жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен 
дәрілік заттарды, бейімделген дәрілік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды 
бекітеді;
7) донорларды қосымша көтермелеу көрсету туралы шешім қабылдайды;
8) денсаулық сақтау ұйымдарын, оларды толық көлемде орындау шартымен, денсаулық 
саласындағы уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрлық 


және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;
9) салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі және меншік нысанасына 
қарамастан жұмыс берушілердің салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды ынталандыруы мен 
көтермелеуі туралы шешім қабылдайды.
2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы 
органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік 
саясатты іске асырады;
2) тиісті аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске 
асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өңірлік 
бағдарламаларды әзірлеп, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алу құқығын іске 
асыруын қамтамасыз етеді;
4) қан мен оның компоненттерінің ерікті қайтарымсыз донорлығын дамыту жөніндегі 
шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды 
ұйымдастырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін 
дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды;
8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін 
үйлестіреді;
9) төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетуді, оларды 
дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге асырады;
10) мыналарды:
республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық 
маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тысқары жерлерге таралатын жеке және заңды 
тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтер көрсетуді және еңбекке уақытша 
қабілетсіздікке сараптаманы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология 
сараптамасын қоспағанда. медициналық қызметті; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 
бұйымдар мен медицина техникасын дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты 
фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды 
жүзеге асырады;
12) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта 
даярлауды қамтамасыз етеді;
13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтын 
қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
14) халыққа алғашқы медициналық-санитариялық, білікті және мамандандырылған 
медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және 
айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мен олардан емдеуді, оған 
қоса белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, тегін медициналық көмектік 
кепілді көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
15) ата-анасының және өзге заңды өкілдерінің келісімі бойынша балаларды 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардағы "тәуекел" топтарына жіберуді 
қамтамасыз етеді;
16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асырады;


17) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген жағдайларды 
қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет