6) медициналық және дәрілік көмек сапасын ұдайы арттыру;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы қамтамасыз ету;
8) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметінің сабақтастығы;
9) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын
қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана
отырып қамтамасыз ету;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы
жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану:
11) ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;
12) отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және
фармацевтикалық өнеркәсіпті
дамытуға мемлекеттік қолдау;
13) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық
бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: