Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу



Pdf көрінісі
бет4/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу
негіздері
1. Медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік
реттеуді:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган;
өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Кодексте белгіленген 
құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік реттеу:
1) медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау;
2) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
4) медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды 
аттестаттау;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, 
адам денсаулығына зиянды әсер тигізетін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін 
мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;
6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда 
және шарт талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігіне растау жүргізу жолымен жүзеге 
асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, 
денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру 
саласындағы бағдарламаларды әзірлейді;
2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді 
шығарады;
3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін 
бекітеді;
4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу, аттестаттау тәртібін айқындайды;
5) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен 
лицензиялау тәртібін бекітеді;


6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері 
жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
7) тегін медициналық және дәрілік көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді;
8) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді;
9) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және 
ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекітеді;
10) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды, 
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық қызметтерді сатып 
алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;
12) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін 
аурулардың тізбесін бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге 
емделуге жіберудің ережесін бекітеді;
14) медициналық ұйымдардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін 
айқындайды;
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жұқпалы және паразиттік 
аурулардың әкелінуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асырудың 
және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз 
етудің тәртібін белгілейді;
16) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге 
дс қызметке арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ 
өндіруге, қолдану мен өткізуге тыйым салу тәртібін айқындайды;
17) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды 
жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын 
айқындайды;
18) Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде 
карантинді жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және 
(немесе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше жағдайлары мен режимдерін белгілейді;
19) пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде 
карантин енгізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін белгілейді;
20) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, 
сақтау және пайдалану тәртібін бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармокопеясын бекітеді;
22) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
23) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу жағдайларын айқындайды;
24) клиникалық базалар тізбесін бекітеді;
25) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен 
жағдайларын бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет