1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының,
сондай-ақ ішкі істер
органдарының әскери-медициналық қызметтерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
3) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарын, әскери және арнаулы
қызметтерді медициналық қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жүзеге асырады;
4) ведомстволық денсаулық сақтауға бағынысты ұйымдар мен бөлімшелердің бастықтары
лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) ведомстволық денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық
жүйелердің
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) ведомстволық бағынысты медициналық қызмет ұйымдарында медициналық көмек көрсету
тәртібін бекітеді;
7) ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдары мен бөлімшелерінің құрылымын, олардың
қызметі туралы ережелерді; ұйымдар мен бөлімшелердің үлгілік
штаты мен штаттық
нормативтерін; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарын, сондай-ақ ішкі істер органдарын медициналық қамтамасыз ету көлемі мен
деңгейінің нормативтерін
әзірлейді және бекітеді;
8) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
9) бейбіт және соғыс жағдайындағы медициналық мүліктің штаттары мен табельдеріне
сәйкес комплектті-табельдік жарақтандырудың тізбесі мен құрамын анықтайды және бекітеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға әскери бөлімдер мен мекемелер
шоғырланған аумақта шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оның күшін жою)
туралы
ұсыныс енгізеді;
11) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде медициналық қарап тексерулер жүргізудің
тәртібі мен кезеңділігін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: