Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бөлім. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы



Pdf көрінісі
бет78/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

7-бөлім. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру
26-тарау. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен және медициналық техникамен жұмыс істеу
149-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы әзірлеу
1. Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
әзірлеу мақсаты қауіпсіз, тиімді әрі сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 
бұйымдарды және медициналық техниканы жасау болып табылады.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
әзірлеушінің құқықтары Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасымен қорғалады.
3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
әзірлеуші дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық 
техникамен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік стандарттардың талаптарын сақтауы тиіс.
4. Бірегей дәрілік заттың атауын бекіту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган айқындайды.
150-бап. Биологиялық белсенді заттарды клиникаға дейінгі
(клиникалық емес) зерттеулер
1. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің мақсаты -
ғылыми әдістермен биологиялық белсенді заттардың фармакологиялық
белсенділігі мен қауіпсіздігін бағалауды және дәлелдерін алу болып
табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган биологиялық
белсенді заттардың клиникаға дейінгі сынауларын және (немесе)
зерттеулерін жүргізу туралы шешім қабылдайды.
3. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.


151-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет