болған жағдайда;
3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкету:
1) одан тысқары жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек
көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі Қазақстан Республикасы азаматының
жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілмейтін диагностикалық зерттеулер
жүргізу қажет болған жағдайда;
4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде;
5) Қазақстан Республикасы міндеттілігін таныған халықаралық шарттарда көзделген
жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның
компоненттерін әкелу айырбас жасау тәртібімен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Осындай айырбас
жасау биологиялық қасиеттері қажетті қан мен оның компоненттері болмаған жағдайда ғана
жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 21-тармағының 3), 4)
тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қан мен оның компоненттерін әкелу,
әкетуге рұқсатты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
орган тиісті мемлекеттік
лицензиясына сәйкес "қан дайындау" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.
Достарыңызбен бөлісу: