Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың



Pdf көрінісі
бет75/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

144-бап. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың
бөліктерін) транспланттау тәртібі
1. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау 
қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлер 
консилиумы береді.
2. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау 
реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің не сот іс-әрекет жасауға қабілетсіз деп 
таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
3. Реципиент алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты оның 
денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс.
4. Ауру жұқтырған тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) 
транспланттауға тыйым салынады.
5. Мәйіттерден тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу 
денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың 
бөліктерін) консервациялау мен транспланттауды тек мемлекеттік денсаулық сақтау 
ұйымдарында ғана жүргізуге жол беріледі.
6. Органдарды (органдардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді алудың, 
консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттаудың тәртібі мен 
шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Осы баптың күші ұрпақ жаңғырту тіндерін (жыныстық клеткаларды) қамтитын, 
адамның дүниеге келу процесіне қатысы бар органдарға, олардың бөліктері мен тіндеріне, 
сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.
145-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары
1. Донор осы кодекстің 138-бабында көрсетілгендерден басқа, мыналарға құқылы:
1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың 
бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның 
денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
2) донор тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу бойынша 


жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық 
көмектің кепілді көлемі шеңберінде емделуге, оның ішінде медикаменттік ем алуға құқылы.
2. Реципиент:
1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың 
бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның 
денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
2) тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу бойынша 
жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық 
көмектің кепілді көлемі шеңберінде емделуге, оның ішінде медикаменттік ем алуға құқылы.
3. Денсаулық сақтау ұйымының медициналық және өзге де қызметкерлеріне донор мен 
реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет