Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет80/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

154-бап. Дәрілік заттарды дайындау
Дәрілік заттарды дайындауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен 
ережелерге сәйкес дәрілік заттарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттармен жұмыс 
істеу саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
155-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы таңбалау
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық регламентке 
сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әріптерде жақсы оқылатын, тұтынушылық орауышқа 
(бастапқы және қайталама) басылған танбасымен дәрілік заттар айналысқа шығарылуы тиіс.
2. Медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға және/немесе 
тұтынушылық орауышқа тікелей басылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әріптерде 
жақсы оқылатын таңбамен медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника 
айналысқа шығарылады.
156-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге
арналған дәрілік заттарды сатып алу
1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар 
халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компонентті дәрілік зат сатып 
алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.
2. Бөлінетін қаржылық қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында дәрілік заттар 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бағалар бойынша сатып алынады.
157-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы көтерме әрі бөлшек саудада сату
1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
көтерме әрі бөлшек саудада сатуды көтерме және/немесе бөлшек саудаға лицензиясы бар 
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың 
айналысы саласындағы объектілер жүзеге асырады.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық 
техниканың көтерме әрі бөлшек саудасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптегі сәйкестік 
сертификатымен расталмаған;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін;
4) жарамдылық мерзімі өткен;


5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина 
ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне;
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы 
уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және 
медициналық техниканы көтерме әрі бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
4. Дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз 
сатуға тыйым салынады.
5. Фармацевтикалық қызмет объектілері жоқ елді мекендерде дәрілік заттарды бөлшек 
саудада сату Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет