10. Транспланттау үшін жұп органның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола
бұзылуына әкеп соқтырмайтын органның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін.
11. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) транспланттау
мақсатымен алу биологиялық өлім расталған кезде немесе бас миының біржола семуін (мидың
өлімін) дәрігер-мамандардың консилиумы тіркеген жағдайда ғана, органдарды және (немесе)
тіндерді алатын сәтте осы адамның тірі кезіндегі немесе оның жұбайының (зайыбының),
жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің мұндай алуға жазбаша келіспеушілігі
болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.
Кісі қолынан өлген немесе кісі қолынан өлуіне күдік болған жағдайда транспланттау
мақсаты үшін тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың бөліктерін) алу қылмыстық
процесті жүргізуші органның ресми келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
12. Биологиялық өлім - өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм
тіршілігінің тоқтауы болып табылады.
13. Бас миының біржола семуі - үлкен ми сыңарын, діңін, көпіршесін, орта ми мен
мишықты қоса алғанда, мидың бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жүйке
клеткаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы болып табылады.
14. Кейіннен транспланттау үшін органдар мен тіндерді алуды қамтамасыз етуге
қатысқан адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола
семуін растауға
қатысуына тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: